Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер

ҚР Үкіметі еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады.

2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет Басшысы жоғарыда аталған функцияларды беруге қатысты түзетулерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) «Ашық НҚА» порталында «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрінің бұйрығының жобасын дайындап, орналастырды.

Бұйрық жобасында мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер көзделеді.

Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбекминінің қарамағына беру нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.

Бұйрық жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15139217

Оқиға күні

17 шілде 2024

Оқиға түрі

Пресс-релиз