«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2021 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы

«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2021 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» бұйрық жобасына (Жоба) баспасөз релизі

 

Әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 32-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес ішкі еңбек нарығын қорғау болып табылады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылай шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға алып келмейді.

Жоба халықаралық шарт болып табылмайтынына байланысты оны кейіннен ратификациялау қажеттілігі жоқ.

Жоба 2020 жылғы 30 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

Жоба тауарлардың, қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты болмағандықтан, оны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қажет емес.

«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2021 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы
Дата публикации
30 ноября 2020