2020 жылдың 1 қарашадағы еңбек көші-қоны туралы анықтамасы

Шетел жұмыс күшін тарту бойынша

АҚПАРАТ

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел маманандарын тартуға квота белгіленеді.

2020 жылға квота республиканың жұмыс күшіне шаққанда 29,3 мың бірлік көлемінде квота белгіленді, ол 0,32% құрайды.

  1. 2020 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша қолданыстағы рұқсаттардың саны 15 832 бірлік, оның ішінде санаттар бойынша:

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 658 адам (4%);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 3 430 адам (22%);

▪ үшінші (мамандар) – 7 302 адам (46%);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 1 058 адам (6%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 728 адам (11%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 1 656 адам (10%).

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны есепті кезеңге барлығы 1 770, оларда 590 610 қазақстандық азамат жұмыс істейді, ол жалпы жұмысшылар санының 97% құрайды.

  1. Экономикалық қызмет түрлері бойынша:

▪ Құрылыс – 6 855 адам (43%);

▪ Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу – 1 716 адам (10%);

▪ Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1 117 адам (7%);

▪ Өңдеу өнеркәсібі – 1 110 адам (7%).

▪ Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 081 адам (6%);

  1. Еңбек мигранттарының басты шығу елдері болып мыналар табылады:

▪ Қытай – 3 482 адам (21%);

▪ Өзбекістан – 1 731 адам (10%);

▪ Түркия – 1 655 адам (10%).

▪ Үндістан – 1 157 адам (7%);

▪ Мажарстан – 1 041 адам (6%);

  1. 2020 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге 14 141 рұқсаттар берілген және ұзартылған, сондай-ақ жұмыс берушілер 5,3 млрд. теңге мөлшерінде салық алымдарын төлеген.

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 474 адам (3%);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 3 074 адам (21%);

▪ үшінші (мамандар) – 6 932 адам (49%);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 919 адам (6%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 2 107 адам (14%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 635 адам (4%).

Аңықтама:

Рұқсатты беру және ұзарту үшін 2020 жылға салық алымдарының мөлшерлері 137 АЕК-ден 250 АЕК мөлшерінде бекітілген.

2020 жылдың 1 қарашадағы еңбек көші-қоны туралы анықтамасы
Дата публикации
12 ноября 2020