Шетел жұмыс күшін тарту бойынша
АҚПАРАТ
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел маманандарын тартуға квота белгіленеді.
2020 жылға квота республиканың жұмыс күшіне шаққанда 29,3 мың бірлік көлемінде квота белгіленді, ол 0,32% құрайды.
▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 753 адам (4 %);
▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 364 адам (23 %);
▪ үшінші (мамандар) – 9 613 адам (50%);
▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 1 749 адам (9%);
▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 926 адам (5%).
▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 1 732 адам (9%).
Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны есепті кезеңге барлығы 2 021, оларда 479 342 қазақстандық азамат жұмыс істейді, ол жалпы жұмысшылар санының 96 % құрайды.
▪ Құрылыс – 8 582 адам (45%);
▪ Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу – 2 228 адам (12%);
▪ Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 193 адам (1%);
▪ Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1 397 адам (7%);
▪ Өңдеу өнеркәсібі – 1 586 адам (8%).
▪ Қытай – 5 266 адам (28%);
▪ Өзбекістан – 965 адам (5%);
▪ Түркия – 1 935 адам (10%);
▪ Үндістан – 1 896 адам (10%);
▪ Ұлыбритания – 1 434 адам (7%).
2020 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге 1 539 рұқсаттар берілген және ұзартылған, сондай-ақ жұмыс берушілер 544 млн. теңге мөлшерінде салық алымдарын төлеген.
▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 27 адам (2%);
▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 295 адам (19%);
▪ үшінші (мамандар) – 793 адам (52 %);
▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 101 адам (7%);
▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 262 адам (17%).
▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 61 адам (4%).
Аңықтама:
Рұқсатты беру және ұзарту үшін 2020 жылға салық алымдарының мөлшерлері 137 АЕК-ден 250 АЕК мөлшерінде бекітілген.