2020 жылдың 1 тамыздағы еңбек көші-қоны туралы анықтамасы

Шетел жұмыс күшін тарту бойынша

АҚПАРАТ

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел маманандарын тартуға квота белгіленеді.

2020 жылға квота республиканың жұмыс күшіне шаққанда 29,3 мың бірлік көлемінде квота белгіленді, ол 0,32% құрайды.

  1. 2020 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша қолданыстағы рұқсаттардың саны 16 763 бірлік, оның ішінде санаттар бойынша:

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 645 адам (3 %);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 3 532 адам (21 %);

▪ үшінші (мамандар) – 7 775 адам (46%);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 1 216 адам (7%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 851 адам (11%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 1 744 адам (10%).

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны есепті кезеңге барлығы 1 831, оларда 449 850 қазақстандық азамат жұмыс істейді, ол жалпы жұмысшылар санының 96 % құрайды.

  1. Экономикалық қызмет түрлері бойынша:

▪ Құрылыс – 7 507 адам (44%);

▪ Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу – 1 728 адам (10%);

▪ Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1 238 адам (7%);

▪ Өңдеу өнеркәсібі – 994 адам (5%).

▪ Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 129 адам (6%);

  1. Еңбек мигранттарының басты шығу елдері болып мыналар табылады:

▪ Қытай – 3 671 адам (21%);

▪ Өзбекістан – 1 834 адам (10%);

▪ Түркия – 1 664 адам (9%).

▪ Үндістан – 1 307 адам (7%);

▪ Ұлыбритания – 1 063 адам (6%);

  1. 2020 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге 10 260 рұқсаттар берілген және ұзартылған, сондай-ақ жұмыс берушілер 3,7 млрд. теңге мөлшерінде салық алымдарын төлеген.

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 260 адам (2%);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 1 974 адам (19%);

▪ үшінші (мамандар) – 4 786 адам (46 %);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 686 адам (6%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 2 058 адам (20%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 496 адам (4%).

Аңықтама:

Рұқсатты беру және ұзарту үшін 2020 жылға салық алымдарының мөлшерлері 137 АЕК-ден 250 АЕК мөлшерінде бекітілген.

2020 жылдың 1 тамыздағы еңбек көші-қоны туралы анықтамасы
Дата публикации
10 августа 2020