2020 жылдың 1 шілдедегі еңбек көші-қоны туралы анықтамасы

Шетел жұмыс күшін тарту бойынша

АҚПАРАТ

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел маманандарын тартуға квота белгіленеді.

2020 жылға квота республиканың жұмыс күшіне шаққанда 29,3 мың бірлік көлемінде квота белгіленді, ол 0,32% құрайды.

  1. 2020 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша қолданыстағы рұқсаттардың саны 17 430 бірлік, оның ішінде санаттар бойынша:

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 661 адам (4%);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 3 675 адам (20%);

▪ үшінші (мамандар) – 8 070 адам (46%);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 1 289 адам (7%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 969 адам (11%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 1 765 адам (10%).

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны есепті кезеңге барлығы 1 869, оларда 457 428 қазақстандық азамат жұмыс істейді, ол жалпы жұмысшылар санының 96 % құрайды.

  1. Экономикалық қызмет түрлері бойынша:

▪ Құрылыс – 7 653 адам (44%);

▪ Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу – 1 841 адам (10%);

▪ Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1 310 адам (7%);

▪ Өңдеу өнеркәсібі – 1 238 адам (7%);

▪ Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 145 адам (6%).

  1. Еңбек мигранттарының басты шығу елдері болып мыналар табылады:

▪ Қытай – 3 754 адам (21%);

▪ Өзбекістан – 1 928 адам (11%);

▪ Түркия – 1 710 адам (10%);

▪ Үндістан – 1 380 адам (8%);

▪ Ұлыбритания – 1 120 адам (6%).

  1. 2020 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге 9 131 рұқсаттар берілген және ұзартылған, сондай-ақ жұмыс берушілер 3,2 млрд. теңге мөлшерінде салық алымдарын төлеген.

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 221 адам (2%);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 1 593 адам (17%);

▪ үшінші (мамандар) – 4 225 адам (46 %);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 647 адам (7%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 975 адам (22%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 470 адам (5%).

Аңықтама:

Рұқсатты беру және ұзарту үшін 2020 жылға салық алымдарының мөлшерлері  137 АЕК-ден 250 АЕК мөлшерінде бекітілген.

2020 жылдың 1 шілдедегі еңбек көші-қоны туралы анықтамасы
Дата публикации
10 июля 2020