2020 жылдың 1 мамырдағы еңбек көші-қоны туралы анықтамасы

Шетел жұмыс күшін тарту бойынша

АҚПАРАТ

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел маманандарын тартуға квота белгіленеді.

2020 жылға квота республиканың жұмыс күшіне шаққанда 29,3 мың бірлік көлемінде квота белгіленді, ол 0,32% құрайды.

  1. 2020 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша қолданыстағы рұқсаттардың саны 19 148 бірлік, оның ішінде санаттар бойынша:

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 697 адам (4%);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 092 адам (21%);

▪ үшінші (мамандар) – 9 087 адам (47%);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 1 629 адам (9%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 885 адам (10%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 1 761 адам (9%).

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны есепті кезеңге барлығы 1 977, оларда 460 783 қазақстандық азамат жұмыс істейді, ол жалпы жұмысшылар санының 96 % құрайды.

  1. Экономикалық қызмет түрлері бойынша:

▪ Құрылыс – 8 186 адам (43%);

▪ Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу – 1 955 адам (10%);

▪ Өңдеу өнеркәсібі – 1 442 адам (8%).

▪ Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1 439 адам (8%);

▪ Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 099 адам (6%);

  1. Еңбек мигранттарының басты шығу елдері болып мыналар табылады:

▪ Қытай – 4 264 адам (22%);

▪ Өзбекістан – 1 908 адам (10%);

▪ Түркия – 1 834 адам (10%);

▪ Үндістан – 1 720 адам (9%);

▪ Ұлыбритания – 1 271 адам (7%).

  1. 2020 жылдың 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге 6 932 рұқсаттар берілген және ұзартылған, сондай-ақ жұмыс берушілер 2,5 млрд. теңге мөлшерінде салық алымдарын төлеген.

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 147 адам (2%);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 1 099 адам (16%);

▪ үшінші (мамандар) – 3 276 адам (47 %);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 486 адам (7%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 632 адам (24%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 292 адам (4%).

Аңықтама:

Рұқсатты беру және ұзарту үшін 2020 жылға салық алымдарының мөлшерлері 137 АЕК-ден 250 АЕК мөлшерінде бекітілген.

2020 жылдың 1 мамырдағы еңбек көші-қоны туралы анықтамасы
Дата публикации
05 мая 2020