«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарашуның 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерісер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарашуның 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерісер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасымен:
жұмыс берушілерге маусымдық шетелдік жұмысшыларды тарту мерзімін айқындау құқығын беру;
рұқсатты берген кезде, сондай-ақ, осы лауазымға берілген рұқсатты басқа шетелдік жұмысшыға рұқсатты қайта рәсімдеу кезде жұмыс берушілерді бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергенін растайтын құжатты қайта жіберуді әрекетті алып тастау мақсатында және т.б. мәселелер көзделген.