«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
БАСПА СӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 157 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 13 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңынды іске асыру мақсатында әзірленген.
Енгізуге жоспарланған өзгерістер 24-тен 48-ге АЕК-ке дейін көтеруді, және күнтізбелік 90, 180, 270 және 365 күнге дейін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беруді көздейді.