«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы № 327-VІ Заңына енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Аталған бұйрық жобасының қабылдану мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деңгейіне шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу функцияларын беру болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған.