«Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 967 және «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 984 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 967 және «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2020 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №984 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы № 327-VІ ҚРЗ Заңына енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Аталған қаулы жобасының қабылдану мақсаты оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын және Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілеу функциясының Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган деңгейіне берілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп тану болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған.