Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасының Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасының Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-5), 9) және 11) тармақшаларына,
15-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына, 23-бабының 4-тармағына, 24-бабының 1 және 2-тармақтарына, 51-бабының 2-2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасының Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)      осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)      осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
интернет-ресурсында орналастыруды;

3)      осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген                    іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шәпкеновқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық жобасы
Дата публикации
05 июня 2020