«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 807 бірлескен бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына іске асыру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасына сәйкес мемлекеттік бақылау жүйесіндегі жаңа реформаны ескере отырып, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу қарастырылған.
2022 жылғы 28 қазанда бірлескен бұйрық жобасы М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетіне жіберілді.
2022 жылғы 28 қазанда бірлескен бұйрық жобасы әлеуметтік және еңбек саласының мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеске жіберілді.
2022 жылғы 28 қазанда бірлескен бұйрық жобасы «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберілді.
2022 жылғы 31 қазанда бірлескен бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған.