2020 жылдың 1 сәуірдегі еңбек көші-қоны туралы анықтамасы

Еңбек көші-қоны туралы

АНЫҚТАМА

 

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел маманандарын тартуға квота белгіленеді.

2020 жылға квота республиканың жұмыс күшіне шаққанда 29,3 мың бірлік көлемінде квота белгіленді, ол 0,32% құрайды.

2020 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша қолданыстағы рұқсаттардың саны 19 952 бірлік, оның ішінде санаттар бойынша:

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 733 адам (4 %);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 237 адам (21 %);

▪ үшінші (мамандар) – 9 497 адам (48%);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 1 777 адам (9%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 929 адам (10%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 1 779 адам (9%).

Шетел жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің саны есепті кезеңге барлығы 2 053, оларда 478 692 қазақстандық азамат жұмыс істейді, ол жалпы жұмысшылар санының 96 % құрайды.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша:

▪ Құрылыс – 8 626 адам (43%);

▪ Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу – 1 974 адам (10%);

▪ Өңдеу өнеркәсібі – 1 512 адам (8%).

▪ Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1 532 адам (8%);

▪ Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 102 адам (6%);

Еңбек мигранттарының басты шығу елдері болып мыналар табылады:

▪ Қытай – 4 439 адам (22%);

▪ Түркия – 1 951 адам (10%);

▪ Өзбекістан – 1 925 адам (10%).

▪ Үндістан – 1 809 адам (9%);

▪ Ұлыбритания – 1 335 адам (7%);

2020 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге 6 354 рұқсаттар берілген және ұзартылған, сондай-ақ жұмыс берушілер 2,2 млрд. теңге мөлшерінде салық алымдарын төлеген.

▪ бірінші (басшылар және оның орынбасарлары) – 123 адам (3%);

▪ екінші (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 962 адам (15%);

▪ үшінші (мамандар) – 3 006 адам (47 %);

▪ төртінші (білікті қызметкерлер) – 420 адам (7%);

▪ маусымдық шетелдік қызметкерлер – 1 584 адам (25%).

▪ Корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 259 адам (4%).

Аңықтама:

Рұқсатты беру және ұзарту үшін 2020 жылға салық алымдарының мөлшерлері 137 АЕК-ден 250 АЕК мөлшерінде бекітілген.

2020 жылдың 1 сәуірдегі еңбек көші-қоны туралы анықтамасы
Дата публикации
01 апреля 2020