
Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы қызметінің негізгі бағыттары – Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және бақылау, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды жүзеге асыру, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау, Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізетін тексерулер мен профилактикалық бақылаудың уақтылы және объективті жүргізілуін үйлестіру және мониторингтеу, сондай-ақ Комитеттің аумақтық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын бағалау әдістемесін әзірлеу болып табылады.
2026 жылдың 7 айында Комитеттің аумақтық департаменттері қызметтердің 15 түрі бойынша 832,9 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Атап айтқанда: жасына байланысты зейнетақы төлемдері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғаға берілетін жәрдемақылар, бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар, жерлеуге арналған біржолғы төлем, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасы мен инфляция деңгейін ескере отырып есептелген зейнетақы жинақтары сомасы арасындағы айырманы төлеу, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар, көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы, арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.
2026 жылы Қазақстан Республикасында зейнетақы және әлеуметтік төлемдер алушылардың саны 4,9 млн адамнан асады. 2026 жылға әлеуметтік салаға арналған шығыстардың жалпы көлемі шамамен 6,8 трлн теңге мөлшерінде көзделген, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден жоғары.
Аталған соманың шамамен 4 трлн 890 млрд теңгесі зейнетақы төлемдеріне бағытталды (2025 жылы – 4,225 трлн теңге, 2024 жылы – 3,779 трлн теңге).
Сонымен қатар, аумақтық департаменттер жүргізген бақылау іс-шаралары барысында бүгінгі күнге дейін 582-ден астам жалған құжат жасау фактісі анықталып, расталды. Расталған жалған құжаттар бойынша 276,2 млн теңге мөлшерінде артық төлем белгіленіп, оның ішінде 180,5 млн теңгеден астамы бюджетке қайтарылды.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 174 бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізіле алады.
Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен төленуге тиісті соманың 25 пайызынан артық ұстап қалуға болмайды.
|
2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 10%-ға арттырылды. |
Сондай-ақ, күнкөріс деңгейінің өзгеруіне орай 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ, ең жоғары мөлшері - 110% - дан 118% - ға дейін арттырылды.
|
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша, мүгедек баланы күтіп отырған ата-аналарға және 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасап отырған адамдарға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың 2026 жылғы 1 қаңтарда ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты артады. |
2026 жылы баланың тууына байланысты бір жолғы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтіміне, көпбалалы отбасыларға, наградталған аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері АЕК мөлшерінің артуына байланысты мөлшері артады