Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттарға арналған онлайн-диагностикалық тестілеуден өту үшін тіркелу келесі тәртіппен жүзеге асырылады: тестіленуші app.testcenter.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинет ашып, белгіленген күнге тестілеуге өтінім беруі қажет. Тіркеуден кейін тестілеу үшін төлем жасалады, содан кейін тестіленуші тестілеуге қатыса алады.

Мысалы:

иммигрант Сергей онлайн-диагностикалық тестілеуді тапсыруды жоспарлап отыр. Ол үшін алдымен app.testcenter.kz сайтында тіркелуі керек. Тіркеуден кейін онда жеке кабинет ашылады, содан кейін Сергей «Өтінім беру» батырмасын басу керек. Одан соң қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі «ҚАЗТЕСТ» бөліміне өтіп, «Тестіленушілер үшін» батырмасын тандап, «Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттар үшін «Қазтест» жүйесі бойынша онлайн-диагностикалық тестілеу» бөліміне өтеді.

Енді Сергей тестілеу үшін төлем жасауы керек. Төлем жасау үшін тапсырыс нөмірін қалыптастыру қажет. Төлем Kaspi.kz қосымшасы арқылы «Төлемдер» – «Білім» – «Ұлттық тестілеу орталығы» бөлімі арқылы немесе сайттағы QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.

Төлем жасалғаннан кейін ол «Жаңарту» батырмасын басу қажет. Сәтті төлемнен кейін өтінім тіркеліп, «Менің тарихым» бөлімінде қолжетімді болады. Енді тестіленуші тестілеуден өте алады.