Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасында ғылыми тағылымдамаларды іріктеу, ұйымдастыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілген «Ғылыми тағылымдамалардан өтуге үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларымен» реттеледі. http://10.61.42.188/kaz/docs/V2300033308
Аталған нормативтік-құқықтық акт үміткерлерге қойылатын талаптарды, конкурстық іріктеу шарттарын, шетелде ғылыми тағылымдамаларды қаржыландыру тетіктерін, сондай-ақ бағдарламаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қағидаларға сәйкес ғылыми тағылымдамалар ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыруға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және озық ғылыми білім мен технологияларды трансферттеуге бағытталған, сонымен қатар қатысушылар алынған нәтижелерді нысаналы пайдалануға және оларды Қазақстан Республикасының ғылыми және білім беру қызметіне енгізуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының азаматы «Цифрлық құжаттар» сервисінде жоғары білім алғаны туралы құжатты тексере алады, ондағы мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. ЖББП-дағы деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тікелей жауапты болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген типтік ережелерге сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657), https://epvo.kz/#/verification_education_document ақпараттық жүйесіне кіріп, міндетті жолдарды толтыру арқылы білім туралы құжаттың электрондық нұсқасы бойынша мәліметтердің заңдылығын тексеруге болады.
Мысалы: Азамат А.Омар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Жұмыс беруші А.Омардың дипломының заңдылығына көз жеткізгісі келді. Ол үшін, жұмыс беруші https://epvo.kz/#/verification_education_document ақпараттық жүйесіндегі міндетті жолдарды (жеке сәйкестендіру нөмері, диплом нөмірі мен сериясын) толтыру арқылы қызметкердің цифрлық дипломы туралы мәліметтерге қол жеткізді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысына сәйкес «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурс 3 турдан тұрады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573).
- Бірінші тур – зияткерлік қабілеттер деңгейін, тұлғалық-іскерлік құзыреттіліктерін, шетелде оқуға психологиялық әзірлік деңгейін айқындау бойынша кешенді тестілеу.
- Екінші тур – тәуелсіз сараптама комиссиясының (бұдан әрі – ТСК) мүшелерімен анонимді дербес әңгімелесу. Екінші турда үміткердің кәсіби дайындық деңгейі, теориялық білімі және таңдаған мамандану саласында кәсіби құзыретінің болуы анықталады. ТСК мүшелері бірінші турдың нәтижелерін ескере отырып, әрбір үміткерге ұсыныстар береді.
- Үшінші тур – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) ТСК ұсынымдары негізінде «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды, ол туралы үміткерге Халықаралық бағдарламалар Орталығының ресми сайтында ақпарат орналастыру арқылы хабар беріледі. Анонимді дербес әңгімелесуге ТСК-нің 5 мүшесі қатысады. Үміткерге сұрақтар болжамды сұрақтар тізбесі бойынша, қазақ және орыс тілдерінде немесе ықтимал оқу елінің тілінде қойылады.
ТСК мүшелерімен дербес әңгімелесу нәтижелері бойынша әрбір үміткер бойынша ТСК әрбір мүшесі қойған бағалардың орташа балдарын жинақтау жолымен алынған қорытынды жалпы орташа балл негізінде нәтиже айқындалады.
Мысалы:
Менің атым Алмас, мен «Болашақ» стипендиясына бірінші турдан өттім. Әрі қарай не істеуім керек?
Алмас, сіз екінші турдан өтуіңіз керек. Бұл – тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жасырын жеке сұхбат.
Қазақстанда цифрлық экономиканың және Жасанды интеллекттің (бұдан әрі – ЖИ) дамуына байланысты жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде: «Жасанды интеллект», «Big Data», «Data Science», «Робототехника», «Киберқауіпсіздік», «Цифрлық инжиниринг». Бұл бағыттар Қазақстан Республикасы цифрландыру саясатына және еңбек нарығының сұранысына сәйкес қалыптастырылуда. Университеттер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңының 5-бабына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z8) сәйкес, халықаралық стандарттарға негізделген дуальды оқыту мен өндірістік практика арқылы кәсіби траекторияларды кеңейтуде.
Жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) саласындағы білім деңгейін арттыру үшін білім алушыға өзі оқып жатқан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) жүгіну ұсынылады. Студент ЖИ бойынша білім беру курстары немесе пәндері туралы ақпарат алу үшін факультет деканына немесе өз кафедрасының меңгерушісіне жүгінуі қажет.
Өтініш жасағаннан кейін деканат немесе профильдік кафедра білім алушыға қолжетімді оқу нысандары, курсқа жазылу тәртібі, сондай-ақ оны өту талаптары туралы ақпарат береді. Егер тиісті білім беру бағдарламалары бар болса, ЖЖОКБҰ мамандары оқудан өту мүмкіндігін ұсынады және оқу қорытындысы бойынша курс өткенін растайтын сертификат немесе өзге де құжат береді.
Егер нақты ЖЖОКБҰ-да ЖИ бойынша арнайы курстар болмаса, білім алушы онлайн форматта оқудан өту мүмкіндігін қарастыра алады. Мұндай мүмкіндік 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес қарастырылған (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_#z8).
Атап айтқанда, білім алушы халықаралық және ұлттық білім беру платформаларында, сондай-ақ Astana Hub сияқты бейінді ұйымдарда және Coursera сияқты онлайн платформаларда ЖИ бойынша бағдарламалар мен курстардан өте алады. Оқу аяқталғаннан кейін, курс өткенін растайтын электрондық сертификат беріледі.
Мысалы, білім алушы А.Е. ЖИ курстарынан өту туралы өтінішпен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жүгінді. Министрлік білім алушыға оқудан өту үшін тікелей ЖЖОКБҰ-ға жүгіну қажет екені туралы жауап берді.
«Цифрлық құжаттар» сервисіндегі деректер «Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) мәліметтері негізінде көрсетіледі. ЖББП жүйесіндегі білім туралы құжаттар жөніндегі ақпаратты тікелей жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) енгізеді және енгізілген деректердің толықтығы мен сапасына жауап береді.
Егер білім туралы құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде немесе «E-gov mobile» қосымшасында көрсетілмесе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларға сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657), ЖЖОКБҰ-ның Студенттерге қызмет көрсету орталығына тікелей жүгіну қажет.
Мысалы, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің 1-курс студенті С.Т. «E-gov mobile» қосымшасына кіргенде студенттік билеті көрсетілмеді. С.Т. өз университетінің Студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне жүгінгеннен кейін деректерді жаңартты, нәтижесінде студенттік билет «E-gov mobile» қосымшасында және «Цифрлық құжаттар» сервисінде пайда болды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 474 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына «зерттеу университеті» мәртебесін беру қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035208, зерттеу университеті мәртебесін алу үшін жоғары оқу орны елдің ғылымы мен экономикасына қосқан үлесін растайтын бірқатар өлшемшарттарға сай болуы керек. Негізгі талаптарға мыналар кіреді:
- Даму бағдарламасы: ЖОО-ның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 5 жылға арналған егжей-тегжейлі даму бағдарламасы болуы тиіс.
- Заманауи ғылыми инфрақұрылым.
- Халықаралық танылу: Университет танылған шетелдік агенттіктердің аккредиттеуінен өтуі керек. Аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі. Аккредиттеу білім беру сапасының әлемдік стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді.
- Ғылымнан түсетін кірістер: ЖОО зерттеулерден табыс табуы керек. Бұл гранттардың, кәсіпорындардан түскен тапсырыстардың және технологияларды коммерцияландырудың болуын білдіреді.
- Жарияланымдар мен дәйексөздер: ЖОО ғалымдары беделді халықаралық журналдарда (мысалы, Web of Science немесе Scopus базаларына кіретін) белсенді түрде жариялануы керек, және олардың жұмыстарына басқа ғалымдар жиі сілтеме жасауы тиіс.
- Әлемдік қоғамдастықпен интеграция: Жетекші шетелдік университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларының (қос дипломды білім беру) болуы.
- Мемлекеттік инвестициялық жоба және қаржы-экономикалық негіздеме (қажет болған жағдайда). Мемлекеттік инвестициялық жоба – Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген, жаңа өндірістерді құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңартуды қоса алғанда, активтерді құруға және (немесе) дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені
Университет ұсынған барлық көрсеткіштерді арнайы Комиссия мұқият зерделейді, қарайды және бағалайды. Мемлекеттік орган құрған Комиссия ЖОО-ның мәртебе алу талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
Мысалы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) зерттеу мәртебесін алды, себебі ол тау-кен металлургия және мұнай-газ салалары үшін ірі әзірлемелер жүргізеді. Университет ғалымдары кейін өнеркәсіптік кәсіпорындар сатып алып, пайдаланатын технологиялар жасайды, ал студенттер нақты ғылыми жобаларға қатысады.
Электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған ҰБТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат.
ҰБТ сертификатын электронды нұсқада тестілеу тапсырғаннан кейін сол күні және апелляцияға жазған өтінішті қарағаннан кейін (апелляцияға өтініш берген жағдайда) тестіленушінің жеке кабинетінде немесе Ұлттық тестілеу орталығының https://certificate.testcenter.kz сайтында тестіленушінің жеке коды (ТЖК) мен ЖСН-ды енгізуі арқылы жүктеуге болады.
Мысалы:
1. Әлия ҰБТ-ны 5 шілдеде тапсырды, бірақ апелляцияға өтініш берген жоқ. ҰБТ сертификатын ол тестілеуді тапсырғаннан кейін сол күні жеке кабинеті арқылы жүктеп алды.
2. Ал Марат тестілеу аяқталған соң апелляцияға өтініш берді. Ол сертификатын апелляция өтініші қарастырылғаннан кейін жеке кабинеті арқылы жүктеді.
Қашықтан оқыту (бұдан әрі – ҚО) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган анықтайтын тәртіпте, қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарының талаптарына және қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010768).
ҚО білім беру процесіне қатысушылардың олардың орналасқан жеріне қарамастан, қашықтықтан өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникация құралдарын қолдану арқылы.
ҚО келесілерге ұсынылады:
1) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық-консультациялық комиссияның қорытындысы бар оқушыларға;
2) халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорт жарыстарына, интеллектуалдық және шығармашылық конкурстар мен фестивальдерге қатысу кезеңінде қатысушыларға.
ЖЖОКБҰ білім алушыларға консультациялық қолдау көрсетеді және оқу бағдарламасын меңгерген кезде, қатысуын, тіркеуді, материалдарды оқу барысын және тапсырмаларды уақтылы орындауын, оның цифрлық іздері арқылы бағалауды қадағалау арқылы оқушылардың тәртібін қатаң бақылайды.
Құқық, хореография, музыка өнері, авиациялық техника және технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы және технологиялары, әскери іс, ветеринария салаларында кадрларды дайындау үшін жоғары білім беру ұйымдарында оқудың барлық кезеңі бойынша пәндердің жалпы санынан екі жүзден аспайтын проценті қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.
ЖЖОКБҰ кадрларды дайындаудың қалған бағыттары бойынша оқудың барлық кезеңі бойынша пәндердің жалпы санынан елу проценттен аспайтын бөлігі қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.
Медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуға жол берілмейді.
Мысалы, Марат К. жұмыс істейді және университетке түсуді жоспарлап отыр. Оның сұрағы: ол жұмыс істеп, қашықтан оқи ала ма?
Жоқ. Ол қашықтан оқи алмайды. Себебі ЖЖОКБҰ-да оқу нысаны – күндізгі. Қашықтан оқу белгілі бір санаттағы адамдар үшін және белгілі бір көлемде қолданылады.
Қазақстан Республикасының «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000199 10-бабы 1-тармағына сәйкес, нысаналы капитал қоры құрылтайшылардың шешімімен құрылады, онда:
1) құрылтайшылардың атауы және тұрған жері;
2) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) мөлшері, оны қалыптастыру және (немесе) толықтыру тәртібі мен мерзімдері;
3) нысаналы капитал қорын және оның активтерін басқару тәртібі;
4) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қолданылу мерзімі;
5) пайда алушының эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыруға жазбаша келісімі;
6) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) нысаналы мақсатын айқындау кезінде пайда алушының өз атын немесе атауын пайдалануға жазбаша келісімі.
Мысалы, құрылтайшылар – университет мен меценаттар тобы нысаналы капитал қорын құру туралы шешім қабылдайды. Құрылтайшылардың шешімінде олар атауы мен орналасқан жерін, берілетін активтердің мөлшерін, нысаналы капиталды қалыптастыру тәртібін, активтерді басқару ережелерін, қордың қолданылу мерзімін және университеттің пайда алушы ретіндегі келісімін көрсетеді. Шешім қабылданғаннан кейін құрылтайшылар жеке коммерциялық емес ұйымды қор түрінде тіркейді.