Тіл саясатын іске асыру және тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасы

1) тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңын іске асыру;

3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру,

6) азаматтарды тілдік белгісі бойынша кемсітушілктің алдын алу және оны болдырмау жұмыстарын ұйымдастыру;

7) ресми интернет-ресурстарда мемлекеттік тілдің сауатты қолданылуына бағытталған іс-шаралар жүргізу; 

8) Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өту жұмыстарын үйлестіру;

9) тіл саясатының өзекті мәселелері бойынша тіл жанашырлары және сарапшыларымен жұмыстар жүргізу;

10) тіл саясаты мәселелеріне қатысты азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және өткізу;

11) нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, іс жүргізу құжаттарын дайындау;

12) тіл саясаты мәселелеріне қатысты Комитеттің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты үйлестіру;