Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шешімді әзірлеуші орган болып табылады.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 14-бабы
2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 630-бабы
1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы
5-тармағына, «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығына сілтеме жасалады.
Орман пайдаланғаны үшін төлем облыстық бюджетті толықтыру көзі болып табылады.
Төлемдердің маңызды мақсаты табиғат пайдаланушыларды өздері төлейтін ресурстарды ұтымды пайдалануға және олардың экологиялық қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандыру.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15922604