«Қызылорда облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілерді тамақтандыруға кететін шығындарды толығымен өтеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-АНОНС

«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші болып табылады.

Қаулы жобасы «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы    Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №29329 болып тіркелген) сәйкес бұйрығына сәйкес әзірленді.

Жоба қабылданған жағдайда Қызылорда облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тамақтандыруға кететін шығындар толығымен өтеуге мүмкіндік береді.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталындағы сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14647057

Қызмет бағыты