Қызылорда облысындағы мониторингтік топтың жұмысы туралы ақпарат
(18.04.2021 жылғы жағдай бойынша өсіммен)
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін 58 мониторингтік топтың рейдтік тексерістерімен 2765 нысан қамтылды. Нәтижесінде 207 карантин талаптарын бұзушылық анықталды.
Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарындағы бұзушылық саны –102.
Үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар саны-63.
Білім беру нысандарындағы карантин талаптарын бұзушылық – 34, медициналық мекемедегі карантин талаптарын бұзушылық-5, мемлекеттік мекемелер-3.
Анықталған 207 карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 16 524 805 теңгеге айыппұл салынды. Карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлікке қатысты-18, лауазымдық тұлғаға-6,нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға-126, ал нысандармен байланысты емес жеке тұлғаларға қатысты-57 әкімшілік хаттама толтырылған.
Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылық: жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша -28, шамадан тыс адам жинап, іс-шара өткізу бойынша-51, маска тағу ережесін бұзу бойынша-54 карантин талаптарын бұзушылық анықталды.
17.04.21ж. Облыс бойынша 1 айыппул Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде жеке тұлға үйінде баласының үйлену тойын жасаған.