Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қорытынды есебі

Жаңақорған ауданының жергілікті атқарушы органдарымен
2023 жылдың ІІI тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 53 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 18 329 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде – 785 қызмет;

Мемлекеттік корпорация арқылы – 1380 қызмет;

«Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 16 164 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны бойынша 2023 жылдың
ІІI тоқсанында барлық көрсетілген қызметтердің 1,8 %-ы тікелей мемлекеттік орган арқылы, 3,9 %-ы Мемлекеттік корпорация арқылы және 94,3 %-ы электронды түрде алынған.

2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 9 ай қорытындысы бойынша барлығы
8 жергілікті атқарушы орган тексерілді.

Тексеру қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандарға электронды қызметтерді алуды барынша насихаттап, тұрғындарды қашықтан қызмет алуға бейімдеу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде 1 мерзім бұзушылық орын алды.

         Бүгінгі күнге қызмет алушылар тарапынан құқық бұзушылыққа қатысты арыз-шағым түспеген.

 

 

Жарияланған күні

07 қазан 2023 11:35

Жаңарту күні

07 қазан 2023