Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылдың І тоқсаны бойынша қорытынды есебі
Жаңақорған ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2023 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 65 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 9 130 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
Мемлекеттік органдармен қағаз түрінде – 395 қызмет;
Мемлекеттік корпорация арқылы – 408 қызмет;
«Электрондық үкімет» веб-порталы және ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта – 8 327 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны бойынша 2023 жылдың І тоқсанында барлық көрсетілген қызметтердің 4,3%-ы тікелей мемлекеттік орган арқылы, 4,5%-ы Мемлекеттік корпорация арқылы және 91,2%-ы электронды түрде алынған.
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 ай қорытындысы бойынша барлығы 3 жергілікті атқарушы орган тексерілді.
Тексеру қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандарға электронды қызметтерді алуды барынша насихаттап, тұрғындарды қашықтан қызмет алуға бейімдеу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.
Ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзім бұзушылық орын алған жоқ.
Бүгінгі күнге қызмет алушылар тарапынан құқық бұзушылыққа қатысты арыз-шағым түспеген.
21
11 сәуір 2023 17:02
11 сәуір 2023