Жаңақорған ауданының қоғамдық даму саласында 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет
Қоғамдық саяси ахуал жайлы
Есепті мерзімге аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.
Аудан тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімдігі тарапынан дер кезінде шешімдер қабылданып, тиісті салалар бойынша жұмыстар жасалынуда.
Ақпарат үшін: 2023 жылдың I тоқсанында аудан тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сәйкес, «Сіз аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды қалай бағалайсыз?» деген сауалға сауалнамаға қатысушылардың 77.4%-ы «тұрақты»,14.1%-ы «тұрақсыз» деп бағалаған. 2022 жыл көрсеткішімен салыстырғанда тұрғындардың қоғамдық саяси ахуалды тұрақсыз деп бағалағандардың үлесі 2,4 пайызға артқан.
Үкіметтік емес ұйымдар жайлы мәлімет
Жаңақорған ауданы бойынша әділет органдары арқылы 78 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Оның ішінде, Қоғамдық бірлестіктер – 16, Қоғамдық қорлар - 18 және өңірлердегі республикалық, облыстық деңгейдегі қоғамдық қорлар мен ұйымдардың филиалдары - 9, діни бірлестіктердің филиалдары (мешіттер) - 35. 7 үкіметтік емес ұйым мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, 10 ҮЕҰ жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, 3үкіметтік емес ұйым ардагерлер жұмысын үйлестіру, 9үкіметтік емес ұйым қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды үйлестіруде.1 еріктілер қоры және түрлі бағыттарда 12 қоғамдық ұйымдар бар.
Ауданымызда тіркелген қоғамдық қорлар мен қоғамдық бірлестіктер толығымен Үкіметтік емес ұйымдардың біріңғай дерекқор базасына өз есептерін ұсынды.
Ақпараттандыру жайлы
Бөлім тарапынан күнделікті аудан әкімдігі, аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізілуде. Сыни бағытта жарияланған материалдар бойынша тиісті шаралар қабылданып, жауапты мекемелер тарапынан дер кезінде жауаптар орналастыру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Ағымдағы жылыжергілікті бюджеттен 5 064 640 теңге қаржы қаралып, облыстық «Qyzylorda» телеарнасы арқылы ауданның әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени - рухани жетістіктерін ақпараттандыру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Қоғамдық-саяси маңызы бар шаралар
2023 жылға бекітілген қоғамдық - саяси маңызы бар шаралардың күнтізбелік жұмыс жоспары әзірленіп, 117 түрлі деңгейдегі көпшілік мәдени-рухани шаралар енгізілген. 2023 жылдың 1 тоқсанында 33 шара өткізіліп, «Жаңақорған тынысы» газеті, БАҚ-та, фейсбук әлеуметтік желілермен «Qyzylorda» телеарнасында ақпараттандырылды.
Сыртқы көрнекі ақпараттық құралдар жайлы.
Аудан бойынша сыртқы көрнекі ақпараттық құралдарының тұғыр саны – 299, о.і бір жақ беттілігі 10, 38 пано, 15 керме бар. Оларға - 560 билборд орналастырылған.
Тақырыптық бағыттары бойынша
Түрлі мемлекеттік бағдарламалар – 94; Президент Жолдауы – 26; Мемлекеттік мерейтойлар, атаулы күндер – 85; Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы – 6; Екпе алу жөнінде – 20; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – 26; Мемлекеттік тілге байланысты – 15; Аймақтағы еңбек адамдарын насихаттау –85; Отбасы тәрбиесі жөнінде – 21; Өрт қауіпсіздігі жөнінде – 22; Патриоттық, рухани бағытта – 36; Басқа да түрлі тақырыптар – 124 билборд орнатылған.
Мемлекеттік Рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы жайлы
Аудан әкімі жанындағы Мемлекеттік Рәміздердің пайдалануы мен қолданылуы, насихатталуы жөніндегі 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыс жасауда. Мемлекеттік Рәміздердің стандартқа сай пайдалануы, қолдануы мен насихатталу жұмыстарына мониторинг жүргізілуде. Мониторинг барысында тиісті әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіліп, түсіндірме жұмыстарберіліп келеді.
Аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының жұмысы жоспарлы түрде жүргізіліп, тиісті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде, жергілікті БАҚ-тарда Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен пайдалануда теріс пікірлер қалыптастыратын мақалалар жарияланған жоқ.
Сыртқы үгіт насихат құралдары барлық елді мекендерде орналастырылып тұрақты бақылауға алынған. Орын алған кемшіліктер дер кезінде қалпына келтірілуде. Оған тиісті бөлім басшылары мен кент ауылдық округ әкімдері тікелей жауапты болып бекітілген.
Мемлекеттік Рәміздер (жаңа стандарттағы Елтаңба) бір орталықтан, аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы қамтамасыз етіліп, көмекші құрал ретінде әдістемелік кітапша мен түсіндірмелі жазбалар мен де қамтылған.
2023 жылы Жаңақорған ауданындағы мемлекеттік мекемелерді (кент, ауылдық округ әкімдіктері, клуб үйлері, дербес бөлімдер мен мекемелер) ішкі және сыртқы тумен, сыртқы 50 см елтаңба және 12 см елтаңбамен қамтамасыз етілді.
Алдағы уақытта жылдық жоспарға сай мемлекеттік рәміздерді нәсихаттау мен қолданылуы жөніндегі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның атқарылған жұмыстар жайлы
Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні өз дәрежесінде атап өтілді. Аудан әкімі 8 әйел-азаматшаларды қабылдап, құттықтады. Егде жастағы аналарды отбасына барып сый-құрмет көрсетті. Жергілікті басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде мақала жарияланды.
Барлық кент, ауылдық округтерде үгіт насихат құралы билборттар орналастырылды. Аудандық комиссия жұмысы жоғары деңгейде жұмысын жалғастыратын болады.
Аудандағы жастар саясаты жайлы
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
2023 жылдың ақпан айына жастардың әлеуметтік – демографиялық сипаттамасын зерделеу барысында 14-35 жас аралығындағы 27627 жас (2022 жылы 14-28 жас аралығы -18 939 жас) анықталып, аудан тұрғындарының (жалпы халық саны - 83000) 31,6 пайызын құрап отыр.
Ауданда жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды қолдау бағытында 2023 жылға жергілікті бюджеттен 28,318 мың теңге (2022 ж. 23 883,0 мың теңге), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жобаға (2022 жылы – 2 жоба) 5 801,0 мың теңге (2022 жылы – 5 636,0 мың. теңге) бөлінді.
Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары бекітіліп тоқсан сайын өткізу жоспарланған.
І отырысы ү.ж 17 наурыз күні аудан әкімдігінің залында өткізіліп, кеңесте 4 мәселе қаралды.
Діни ахуал жайлы
Ауданымызда діни ахуал тұрақты деп толықтай айта аламыз. Діни шиеленіс тудыратын проблемалық жағдайлар орын алған жоқ. Ауданымызда 36 мешіт ресми тіркелген.
2023 жыл басынан бері діни экстремизм көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша 13 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ге жуық адам қамтылды. Мемлекеттік орган қызметкерлерімен 5 кездесу, жастармен 5, тұрғындармен 3 семинар-кеңес өткізілді.
«Фейсбук» әлеуметтік желісінде аудандық қоғамдық даму бөлімі мен ауылдық округтердің ресми парақшасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге бағытталған ақпараттық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері 40-тан астам ақпараттық жазбалар, бейнероликтер мен инфографикалар жарияланды.
2023 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылудың барысы жайлы.
2023 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылу қорытындысы бойынша республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне 2044 дана, «Казахстанская правда» газетіне 358 дана, «Айқын» газетіне 136 дана, «Жас Алаш» газетіне 109 дана, Тіл сақшысы 920 дана, т.б. салалық газет - журналдар 4726 дана.
Облыстық «Сыр бойы» газетіне 3111дана, «Кызылординские вести» газетіне 722 дана, Ақмешіт жастары газетіне 925 дана .
Жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетіне 5703 дана жазылу жұмыстары жүргізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік саясат пен қоғамдағы жағдайды нақты ақпарат тарату арқылы қоғамның саяси, экономикалық, мәдени – әлеуметтік, рухани өмірі жайлы бүгінгі қоғамда белгілі бір пікір қалыптастыруға ықпал етіп келеді.
5
07 сәуір 2023 11:48
07 сәуір 2023