2022 жылдың ІІ тоқсанында Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы
Көру саны:6
Статистика
Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7974 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрайды.
Қаржыландыру
2022 жылы Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн 406 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 4 млн 525 мың теңгеге аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 3әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
1) «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба соммасы – 875 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Шабыт» қоғамдық қоры;
2) «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруғашығармашыл жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі». Жоба соммасы – 1 540 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры;
3) «Жастар форумы және жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі.(Әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алу конкурсы қарашаайында жарияланады).
Жастар ресурстық орталығы туралы
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда штат саны -7. Директор - 1, бөлім басшысы - 1, аға кеңесші -1, кеңесші-4.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес жастар ресурстық орталығының штаттық бірлігін көбейту жоспарлануда.
Аудандық жастар ресурстық орталығы қазіргі таңда мәдениет және өнерді дамыту орталығының ғимаратында орналасқан. Жастар ресурстық орталығы 2017 жылдан бері ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуда.
2022 жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 85 шара өткізіліп, оған 4000-ға жуық жас қатыстырылған.
Жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар
2022 жылдың Іжартыжылдығында халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 421 жас хабарласқан.
Атап айтқанда:
- 5жас әлеуметтік жұмыс орындарына
- 38 жас жастар тәжірибесіне
- 113жас қоғамдық жұмыстарға
-31 жас мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмысқа орналасты
- 189 жас тұракты жұмыс орындарына
- 1 жаңа бизнес идеяға грант
Жастар тәжірибесіне 2022 жылы жоспар бойынша 219 адам жолдануы керек, бүгінгі күнге барлығы 144 адам жастар практикасына қатысушы болса, соның ішінде 106-сы 2021 жылдан бастап жолданған жастар.
Алғашқы жұмыс орны жобасына 2022 жылы жоспар бойынша 10 адам жұмыспен қамтылуы қажет. Бүгінгі күні 2021 жылдан жалғастырушы 4 адам, 2022 жылдың маусым айында 6 адам жұмысқа жолданды.
Ұрпақтар келісім шарты бағдарламасына 2022 жылы жоспар бойынша 10 адам жұмыспен қамтылуы қажет, бүгінгі күні 2 жұмыс берушіге, 2 адам жолданды.
2022 жылдың 1 сәуіріне Халықты жұмыспен қамту орталықтарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарынан тіркелген жастар саны 3 адам, 2-і тұрақты жұмысқа орналасты.
Жазасын өтеп келген жастар. 2022 жылы аудандық пробация қызметінде-9 азамат есепте болған. Оның ішінде:
бас бостандығын шектеу жазасы-8,
шартты жазаға сотталғандар-1.
Барлығы есепке алынған 9 адамның 5-і кент орталығынан, 4-і ауылдық округтерден.
Жазасын өтеп келген жастардан 4 - тұрақты жұмыспен қамтылған, 1- қоғамдық жұмысқа жіберілген, 1 - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 1 - студент, 2 - денсаулықтарына байланысты емделуде.
«Дипломмен-ауылға!» жобасы бойынша
Биылғы жылы 72 маманға 22 202,0 мың теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.
Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй несиесін алуға 42 маманға 192 969,0 мың теңге беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі бойынша 79 маман кезекке қойылған, оның ішінде 2021 жылы құжат тапсырғандары 36 маман, 2022 жылы құжат тапсырғандары 43 маман.
Көтерме жәрдемақы бойынша барлық кезекте тұрғандар саны 250 маман, оның ішінде 2020 жылы құжат тапсырғандары 61, 2021 жылы құжат тапсырғандары 118, 2022 жылы құжат тапсырғандары 71 маман.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
Аудан бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2571 бірлікті құраса, оның ішінен 487 субъектісін (271 дара кәсіпкер, 12 заңды тұлға, 204 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 18,9 пайызын 18-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр.
Ағымдағы жылдың 6 айында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 290 кәсіпкер тіркелсе, оның 34,8 пайызы немесе 107 бірлігі жас кәсіпкерлер.
Сондай – ақ, жыл басынан ауданнан мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 82 кәсіпкер 2060,1 млн теңгеге қаржыландырылса. Оның ішінен, 4 жас кәсіпкер 12,1 млн теңгеге қаржыландырып, қолдау алған.
Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі
Жастармен жасалған қылмыс саны - 9, отбасылық-тұрмыстық салада жасалған құқықбұзушылықтар саны – 1, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны -1.
Жастар арасындағы діни ахуал
Аудан жастары арасында жергілікті мешіттерге баратын радикалды ағым жетегінде жүрген жастар жоқ. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы Жалағаш кентінде тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстірлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатындағы акцияларды тұрақты түрде өткізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр.
Жастар арасында денсаулық сақтау
Ауданда барлығы 14-29 жас аралығында 7107 жас емханада тіркелген. Емханаға барлық қаралғандардан алғаш рет 289 жастан аурушаңдық белгілері анықталған. Ең жиі кездесетін тыныс жолдары мен құлақ аурулары. Диспансерлік есепте 937 жас бақыланады. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 147 жас бар. Өлім-жітім бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығына 14-29 жас аралығындағы жастар жоқ. Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша жағдай тіркелмеген.
Аудан бойынша емханаға қарасты 1 жастар денсаулығы орталығы жұмыс жасайды. Орталық арқылы 150 жас кеңес алушы ретінде тіркеліп, 140 іс-шара өткізілген. Іс-шараға 2411 адам қамтылған.
Сонымен қатар психолог кеңесіне жүгінушілер саны – 39, атқарылған іс-шаралар саны - 20, қатысушылар саны 432 құрайды.
Жастардың спортпен шұғылдануы және бос уақытынтиімді ұйымдастыру
2022 жылдың І жартыжылдығына кент және ауылдық округтерде303 спорттық шаралары өткізіліп, оған 6909 спортшы мен 10219 көрермен қамтылды.
Жастардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру
Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Соның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9 клуб, 18 кітапхана, тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және өнерді дамыту орталығы, Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.
Ауданның мәдениет саласы бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығында1078 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 80117көрермен қамтылған. Оның ішінде онлайн режимінде 158 шара өткізіліп, 20557 қаралым болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.
Осыған орай балалар шығармашылығын дамытуға арналған Жалағаш ауданының мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында әр түрлі жанрдағы барлығы 91 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 1038-ді құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда үйірмелер саны 3-ке, қатысушылар саны 10 балаға артқанын көрсетеді (2021 жылдың 1 тоқсанында үйірмелер саны 88, қатысушылар саны 1028)
Қосымша жыл басынан бері жастарға арналған Жаңаталап клубы жанынан «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі ашылып жұмыс жасауда.
|
Үйірмелер саны |
Қатысушылар саны |
||
|
2021 жылдың І жартыжылдығы |
2022 жылдың І жартыжылдығы |
2021 жылдың І жартыжылдығы |
2022 жылдың І жартыжылдығы |
|
88 |
91 |
1028 |
1038 |
11 шілде 2022
11 шілде 2022