

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 866 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5902 - ер азаматтар, 4964 - әйел.
Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.
Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 20,389 млн.теңге (2023 ж. 18 млн. теңге) және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10 692 млн.теңге (2023 ж. 3 жоба – 4,2 млн. теңге) қаржы бөлінді.
2024 жылдың 12 айы бойынша жастар ресурстық орталығы және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 210 шара өткізіліп, оған 7000-ға жуық жас қатыстырылды. Барлық жобалар бойынша қаржы толық игерілді.