Жалағаш ауданында 2021 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы

  1. Статистикалық мәлімет.

Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7997 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,2 пайызын құрайды.

  1. Қаржыландыруы

2021 жылы Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн 280 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.. Оның ішінде 4 млн 250 мың теңгеге аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

1) «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба соммасы – 980 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры;

2) «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі». Жоба соммасы – 800 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры;

3) «Талантты жастарды таныту және қолдау шараларын ұйымдастыру қызметі». Жоба соммасы – 1 550 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым – «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі;

4) Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру қызметі. Жоба соммасы – 998 000 тг.  Жүзеге асырушы ұйым – Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі.

  1. МЖС-да жұмыс атқаратын қызметкерлер саны

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда штат саны - 7. Директор - 1, бөлім басшысы - 1, аға кеңесші -1, кеңесші - 4.

  1. ЖРО атқарылған шаралар туралы

2021 жылы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 135 шара өткізіліп, оған 5415 жас қатыстырылған.

2021 жылы дәстүрлі түрде Еңбек лагері ұйымдастырылып, оған 25 жас ерікті түрде қатысты. (Анықтама үшін: лагерь қатысушылары сиыр сауу, шөп ору, ат ерттеу, нан пісіру, самаурынға шай қою, айран пісу, мал азығын дайындау, жөн түтіу, жіп иіру, асық ату, жәмби, көкпар тарту, бастаңғы жасау секілді жұмыстарды атқарды).

Бір жылда - бір баспана! Ерікті студент жастардың бастамасымен мұқтаж адамдарға баспана салуға алғашқы қадамы жасалды. Аудан дүкендеріне қайырымдылық жәшіктерін орналастырылды. Күнделікті халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желіде жеке парақша ашылды. Қазіргі таңда баспана табысталып, келесі баспана алу үшін жұмыстар жүргізілуде.

Арал және Қазалы аудандарында орын алған төтенше жағдайына байланысты мал азығының жетіспеушілігі орын алған болатын. Осы ретте, Облыстық жастар ресурстық орталығының «Жастардан жәрдем» атты акциясын Жалағаш ауданы жастары қабыл алып, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның ерікті жастары, «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздары және «Сәрке батыр» шаруа қожалығының қызметкерлері жем-шөп дайындауға өз үлестерін қосты.

Жалағаш ауданы бойынша «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында 5 жоба жүзеге асырылды. Олар:

«TALANT» жобасы. Жоба қаржысы – 500 000 тенге.

Мақсаты: Жалағаш ауданы бойынша өнерлі жастарды қолдауға арналған орта қалыптастыру, халық көп шоғырланатын жерлерге еркін форматты концерттер қою арқылы көше мәдениетінің қалыптасуына үлес қосу.

«Салауатты ауыл» жобасы. Жоба қаржысы – 500 000 теңге.

Мақсаты:  М.Шәменов ауылының “Жанашыр жастар” бастамашыл тобының бастамасы бойынша ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге арналған «GOWORKING» орталығын ашу жобасы;

«Спорт - өмір мәні» жобасы. Жоба қаржысы – 500 000 теңге.

Мақсаты: Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған футбол командасын құру;

“Цифрлық қызмет – 2021” жобасы. Жоба қаржысы – 500 000 теңге.

Мақсаты: Ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру;

“Жайдарлы ауыл” жобасы. Жоба қаржысы – 500 000 теңге.

Мақсаты: Ауыл тұрғындарының әлеуметтік деңгейін жоғарлату.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген дарынды жастарға нақты қолдау ретінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындау қажеттігін атап өткен болатын.

Осыған орай, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Темірбек Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Намурадин Айсана Қанатқызы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Медиа» - жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру бағыты бойынша 3 млн теңге грантының жеңімпазы атанды.

Марапатты ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев Елорда төріндегі Ақордада табыстады. Еліміздің 14-29 жас аралығындағы барлық азаматтарына арналған гранттың негізгі мақсаты – белсенді шығармашыл жастардың жобаларын, бастамаларын іске асыру, қолда бар жобаларды дамыту, ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу және жастарды оқыту үшін пайдалануға берілді.

  1. Құқықбұзушылық пен өз-өзіне қол салу бойынша толық ақпарат

Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі

2021 жылы 14-29 жас аралығындағы жастармен жасалған 10 қылмыс тіркелген. Оның ішінде ұрлық – 7, алаяқтық – 3.

Пробация қызметінің есебінде тұратын 18-29 жас аралығындағы жастар саны - 9. Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасы 7, шартты жазаға сотталғандар 2. Барлығы есепке алынғандардың 3 жас кент орталығында, 6 жас ауылдық округтерден. Жазасын өтеп келген 2 жас тұрақты жұмыспен қамтылса, 5 жас өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 1 жас жұмыссыз, 1 жас мемлекеттік грант алып, өз кәсібін ашқан.

Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен аудан көлемінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, ІІМ-нің және ОПД-нің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын басшылыққа ала отырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуды, қылмысқа қарсы күресте азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғауда профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылуда.

  1. NEET санатындағы жастармен адрестік жұмысы мен нәтижесі туралы

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың «Облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің» кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылдың қараша айы «NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау айы» ретінде белгіленген болатын.

Осыған сәйкес, 9-22 қараша күндері  аралығында облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары және ауылдық округ әкімдіктерінің жастар ісі жөніндегі мамандарының қатысуымен кент және ауылдық округтердегі NEET санатындағы жастарды анықтау мақсатында адрестік жұмыстар жүргізілді.

Жұмыс барысында 14-29 жас аралығындағы жастардан сауалнама алынды, облыстық жастар ресурстық орталығы әзірлеген сауалнамаға қатысқан жастар саны – 1124. Оның ішінде, NEET санатындағы жастар саны – 74 (кент-29, ауылдық округтер-45), оқушылар – 443, студент жастар – 186, жұмысшы жастар – 421.

  1. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар

Кәсіпкерлік саласы бойынша

Аудан бойынша 2021 жылға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 484 бірлікті құраса, оның ішінен 459 субъектісін (267 дара кәсіпкер, 12 заңды тұлға, 180 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 18,4 пайызын 18-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр.

Ағымдағы жылы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 292 кәсіпкер тіркелсе, оның 26,4 пайызы немесе 72 бірлігі жас кәсіпкерлер. Ал, 2020 жылдың 12 айында тіркелген жас кәсіпкерлердің саны 115. Яғни ауданда жыл сайын жастардың кәсіпкерлікпен айналысу деңгейі жоғарылап келеді.

Сондай – ақ, жыл басынан ауданнан мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 149 кәсіпкер 895,2 млн теңгеге қаржыландырылды.

Оның ішінен, 38 жас кәсіпкер 87,3млн теңгеге қаржыландырып, қолдау алған. Яғни, барлық қаржыландырылған 97 кәсіпкердің 25,5 пайызы жастарға тиесілі.

Атап айтқанда:

«Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 6 жас кәсіпкер 24,4 млн теңгеге қаржыландырылып, несиенің 11,5 пайызы бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды.

«Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беру бағытында 7 жас кәсіпкер 19,4 млн теңгеге қаржыландырылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 4 жұмыссыз жас кәсіпкер 13,3 млн теңгеге қаржыландырылды.

Аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 14 жұмыссыз жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 8,2 млн теңге қайтарымсыз негізде қаржылай қолдау көрсетіліп, жеке кәсіптерін бастады.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының «Микробизнес - Қызылорда» бағдарламасы аясында 3 жас кәсіпкер 24,0 млн теңгеге 6 пайыздық несиемен қаржыландырылды.

«Ауыл шаруашылғын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 6 пайызмен 1 жас кәсіпкер мал шаруашылығын дамыту бағытында 16,0 млн теңгеге қаржыландырылып, 40 бас жылқы малын алып, көбейтуде.

Ағымдағы жылдың 5 айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту бағыты бойынша ауданнан 159 адам оқыса, оның 60-сін немесе 37,7 пайызын жастар құрап отыр.

Барлық оқыған 60 жас кәсіпкердің бүгінгі күнге, 98 пайызы немесе 59 бірлігі қаржылай қолдау алған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы аясында жалпы құны 37,0 млн теңгені құрайтын 9 жас кәсіпкердің жобаларын қаржыландыру жоспарланып отыр.

Жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар 

2021 жыл бойынша ауданда 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды.

Жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 833 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Атап айтқанда:

  • 18 жас әлеуметтік жұмыс орындарына;
  • 181 жас жастар тәжірибесіне;
  • 197 жас қоғамдық жұмыстарға;
  • 3 ұрпақтар келісім шарты;
  • 6 алғашқы жұмыс орны;
  • 428 жас мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмысқа орналасты.
  1. Білім саласы бойынша

Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылы мектеп бітіруші түлектер саны – 321 оның ішінде 296 ҰБТ қатысқан, (ҰБТ қатыспаған 25 оқушының 10 ақылы түрде арнаулы орта білім алуда, 13 арнаулы орта білім грантқа түскен, 2 ақылы жоғарғы оқу орнында) жоғарғы оқу орнына – 273, арнаулы орта оқу орнына – 45, жұмысқа орналасқан – 2, ҰБТ- 1 түлек дайындық курсынан өтіп жатыр. «Серпін – 2050» жобасына аудан бойынша – 27 оқушы оқуға түскен.

Аудан оқушылары облыстық, республикалық ғылыми жобалар конкурсынан  жүлделі орындар иеленіп келеді. Өткен оқу жылында жалпы ғылыми жоба конкурсына 278 оқушы қатысып, 119 оқушы жүлделі орындар иеленді. Облыстық кезеңнен 28 оқушы жүлделі орындар иеленсе, республикалық  кезеңнен 2 оқушы жүлдегер атанып, 4 оқушы сертификат алды.

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде қазіргі таңда 305 студент білім алып жатыр, оқу бітірген соң жұмысқа орналасу 92% көрсеткішті көрсетіп отыр. Биыл жоғарғы оқу орнына – 6, арнаулы орта оқу орнына – 4 студент білімін жалғастыру үшін түскен болатын. 2021 жылы колледжді 129 студент бітіріп шықты.

Жалағаш ауданы бойынша Ресей Федерациясында оқитын және бітірген жастар туралы

Жалағаш ауданы  бойынша Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан жастар саны - 3. Оқуын аяқтаған жастар саны 15 жас, оның ішінде 13 жас тұрақты жұмысқа орналасқан, 1 жас өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 1 жас бала күтімінде.  

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес туралы

2021 жылы Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы 4 рет өткізіліп, 16 мәселе қаралды. Кент және ауылдық округтердегі жастармен белсене жұмыс жасау мақсатында арнайы жоспарлар бекітіліп, іс-шаралар толықтай жүзеге асырылды. Кент және ауылдық округтер, мекеме және бөлімдермен бірлесе отырып, NEET санатындағы жастардың нақты дерекқорын жасақтау, «Жасыл ел» еңбек жасағына тұрмысы төмен немесе табысы аз отбасына жататын санаттағы жастарды уақытша жұмысқа орналастыру, жұмыссыз жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік мақсатта өткізілген гранттық конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету, жоғары немесе арнаулы білімі жоқ жастарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарымен қамтамасыз ету, бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында аудандағы кәсіпкерлермен, шаруашылық төрағаларымен келіссөздер жүргізу арқылы нақты шаралар қабылдау бойынша жыл бойы тұрақты жұмыс жасалды.

  1. БАҚ-мен әлеуметтік желілер

Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.

2021 жылға «Жалағаш жаршысы» газетінде жастарға қатысты 41 мақала жарияланса, облыстық «Ақмешіт жастары» газетінде 19 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерге (facebook, Vk, Instagram.) 282-ге жуық ақпарат және 60-қа жуық бейнероликтер әзірленіп, жарияланған.

Жарияланған күні

18 қаңтар 2022

Жаңарту күні

18 қаңтар 2022

Қызмет бағыты