Меню

Страницы

Статья

Information on the work done for the first quarter of 2020

Орман шаруашылығы саласы бойынша

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.га болса, оның 3,1 млн га орманды алқапты құрайды. Орман шаруашылығы саласының 568 қызметкерлері орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады.

Орман шаруашылығы мекемелері  орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Облыс бойынша орман өсімін молайту мақсатында 2020 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 11321 га орман отырғызу жұмыстары, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 6300 гектарға сексеуіл егу жұмыстары жоспарланып, толығымен сексеуіл көшеттері отырғызылуда.

2020 жылы орман көлемін арттыру мақсатында ағаш көшеттерін өсіретін 22,1 га уақытша тұқымбақ ұйымдастырылуда.

Орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 85 рейдтер ұйымдастырып,  ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және бүлдіру орын алған жоқ және басқа да орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 11 жағдайы анықтап, тиісті шаралар қабылданды.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті, барлығы 273 адамға берілді. Оның ішінде орман билеті - 272 дана, ағаш кесу билеті - 1 дана.

Ағаш кесу және орман билетін беру кезінде арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызмет тіркелмеген.

2020 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін 2020 жылдың өрт қауіпті маусымында 19,8 тонна (дизель 12,2 тонна, бензин 7,6 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 1879 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді. Өртке қауіпті деген жерлерге 86 дана аншлагтар мен паннолар  орналастырылды.

Дата публикации
22 апреля 2020
Дата обновления
22 апреля 2020
Тип
Information

Сейчас читают

Announcement
01 июня 2021
Working project "construction of engineering infrastructure (gravel road, electricity supply, water supply) for individual housing construction in N. Ilyasov rural district, Syrdarya district, Kyzylorda region"
Announcement
26 мая 2021
Project" modernization of the production base with the placement of a concrete mixing unit (BSU) and open warehouses of wetted mineral building materials (sand, crushed stone, sand stone)"
Announcement
25 мая 2021
Working Project "plant for the production of 3000 tons of glass fiber per year in Kyzylorda"

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты