| Орналастыру күні | Хабарландыру |
| 03.02.2021 ж |
«Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі, ҚР-ның Экологиялық Кодексіне сәйкес «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепке қосымша спорт зал мен 20 орынға арналған асхананың құрылысы» жұмыс жоспарына «Қоршаған ортаны қорғау» материалдарын талқылау үшін қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Аталған нысандар бойынша ақпарат алуға, және өз пікірін білдіруге барлық мүдделі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндік беріледі. Қоғамдық тыңдау өткізілетін уақыты мен орны: 2021 жыл 4 наурыз, сағат 11: 00, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі №37. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі Жолдасбекова Аружан, байланыс тел: 8(7242) -60-53-69. Басқарманың ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау электронды поштасы: prd@korda.gov.kz. Материалдардың электронды нұсқасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/contacts?lang=ru интернет-ресурсында орналасқан. Жобаның баспа түрімен танысуға болатын мекен-жай: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі №37. Тапсырыс беруші: «Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ. Тапсырыс берушінің ескертулер мен ұсыныстарды қабылдайтын электронды поштасы: jan_kurilis@mail.ru Жобаны әзірлеуші: «РЕМСТРОЙПРОЕКТ» ЖШС. тел: 87085515762, 87056058092. |
| Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі ашық парағы | |
| Толтырылған мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парақтары | |
| 05.03.2021 ж |