
Аудан әкімі Берік Сарменбаев Ширкейлі және Қоғалыкөл ауылдарында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысын тексерді Қоғалыкөл ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайды Жобаны іске асырудың басталуына 2026 жылы республикалық бюджеттен 320 млн теңге бөлінді Қазіргі уақытта "ОрдаҚұрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымы жоғары қысымды газ құбырын төсеу жұмыстарын жүргізуде Жоба аясында жалпы ұзындығы 40,2 км газ құбырын салу және 4 газ реттеу пунктін орнату көзделген Ширкейлі ауылын газдандыру жобасының құны 1,3 млрд теңгені құрайды 2026 жылы аталған жобаның басталуына республикалық бюджеттен 400 млн теңге қарастырылған Бүгінгі таңда "ОрдаҚұрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымы жоғары қысымды газ құбырын төсеу жұмыстарын жүргізуде Жоба бойынша 47,54 км газ құбырын салу және 3 газ реттеу пунктін орнату жоспарлануда Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы орындаудың маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ахетов құтқарушылар күні мерекесіне орай мерекелік қабылдау өткізді.
Кездесуде аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың зардаптарын жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Құтқарушы – адам өмірін сақтап қалуды, елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты міндеті санайтын, батылдық пен табандылықты, кәсіби шеберлік пен жоғары жауапкершілікті талап ететін абыройлы мамандық иесі. Сіздер күн сайын түрлі төтенше жағдайлардың алдын алып, табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлермен күресіп, қиын сәтте азаматтардың жанынан табыласыздар. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен ұйымшылдықтарыңыз, жоғары дайындықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында талай қиындықтың алдын алып, көптеген азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік туып отыр. Бұл – кәсіби міндетті орындау ғана емес, Отанға, туған жерге және халыққа деген шынайы адалдықтың көрінісі. Бүгінде ауданымызда 50-ге жуық құтқарушы өрт сөндіру, құтқару, табиғи апаттың алдын алу бағытында табанды еңбек етіп келеді. Төтенше жағдайлар бөлімінің материалдық базасы нығайып, 7 техника, 4 мотопомпа, 1 қайық, жауынгерлік және заманауи өрт сөндіру киімдерімен қамтылған. Құтқарушы күнін атап өту – өртпен, су тасқынымен, апаттармен және басқа да төтенше жағдайлармен күрестің алдыңғы шебінде тұрған жандарға қоғам атынан алғыс білдіру мүмкіндігі. Сондықтан мереке күні Өздеріңізге құрмет көрсетуді орынды деп есептеймін деді, – Ерлан Дәуітбекұлы.
Сондай, ақ сала мамандарына аудан әкімінің "Алғыс хаты" табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Мерекелік қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және сала ардагерлері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев орман шаруашылығы қызметкерлеріне мерекелік қабылдау өткізіп, кәсіби мерекемен құттықтады.
Мерекелік қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және сала ардагерлері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа бағыттарды дамыту, егін шаруашылығында заманауи тәсілдерді қолдану және өнімділікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, мәслихат депутаттарының аудан өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге қосқан үлесі сараланды.
– Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы саяси реформаларды жариялап, республикалық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Екі күн бұрын Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын 29 қарашаға белгіледі. Сегізінші шақырылым депутаттары 2023 жылдан бері елімізде өткен ірі саяси науқандарда белсенді жұмыс жасады. Мәслихат сессияларында бюджетке өзгерістер енгізіліп, қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды жаңғыртуға, экономиканы дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, ауыз су жүйелерін жаңғырту, көпір, тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны құрылысы, абаттандыру жұмыстары және әлеуметтік нысандар бой көтерді. Атап айтқанда, амбулатория, ойын алаңдары мен спорт кешені, халықты рухани дамыту мақсатындағы «Руханият» орталығы мен «Жастар аллеялары» халық игілігі үшін пайдалануға берілді. Осындай ауқымды бастамалардың барлығы Өздеріңізбен бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесі. Сегізінші шақырылым кезеңінде аудандық мәслихаттың 56 сессиясы өткізіліп, барлығы 272 шешім қабылданды. Депуттаттар жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу мақсатында барлығы 311 депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалдар арқылы тұрғындардың мәселелерін шешілуіне ықпал ету жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ауданымыздағы өзекті мәселелерді жедел көтеріп, тиімді шешілуіне атсалысты. Осылайша, мәслихат депутаттары қоғамды біріктіруге, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға үлкен үлестерін қосты, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, «Аудандық әжелер кеңесінің»төрайымы Ұлмекен Жаналиева, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының төрағасы қызметін абыроймен атқарған Ержан Әжікенов және облыстық маслихаттың сегізінші шақырылым депутаты Жұмабек Ембергенов сөз сөйлеп, ризашылықтарын жеткізді.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Алтын күз – 2026» аудан спортшыларының 39-шы спартакиадасында аудан намысын абыроймен қорғаған спортшыларды қабылдады.
Кездесу барысында аудан әкімі спортшылардың жетістіктеріне тоқталып, олардың жеңісіне үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегін атап өтті.
– Мемлекет басшысы «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спортты дамытудың маңызы айрықша» деп атап өткен болатын. Өздеріңізге белгілі, 9-13 қазан аралығында Жалағаш ауданында «Алтын күз-2026» аудан спортшыларының 39 – шы спартакиадасы өткен болатын. Бес күнге созылған ауқымды спорттық додаға ауданымыздан спорттың 16 түрі бойынша 170-ке жуық спортшы қатысып, аудан намысын абыроймен қорғады. Нәтижесінде аудан спортшылары 5 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте II орынға ие болды. Бүгінде аудан спортшыларының қоржынында Қазақстан Республикасы чемпионаттарынан – 56, Азия чемпионаттарынан – 3, әлем чемпионатынан – 1 жоғары нәтиже бар. Биыл мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадада аудан спортшылары жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды. Мұндай жетістіктер жаттықтырушылардың қажырлы еңбегі мен спортшылардың табысты өнер көрсетуінің нәтижесі деп білемін. Сондықтан біз әрдайым жаттықтырушылар мен спортшылардың еңбегін жоғары бағалаймыз. Бүгінгі жеңіспен Өздеріңізді тағы да құттықтаймын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Сонымен қатар, аудан спортының дамуына үлес қосқан бірқатар спортшыларға аудан әкімінің "Алғыс хаты" табысталды.
Кездесу соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, сала ардагері Мектепхан Елеусінов, «Алтын күз-2026» спартакидасында президенттік көпсайыстан 2 орын иегері Мұрат Бөдеев сөз сөйлеп, спортшыларды жеңістерімен құттықтады.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда ауданның 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджет кірістерінің орындалу барысы қаралды.
Есепті кезеңде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 80,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8 млрд. теңгеге жетті.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларындағы жалпы өнім көлемі 19,5 млрд. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, аудан экономикасына негізгі капиталға 59,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 16,7 млрд. теңгеге жетіп, 126,5 пайызға артты.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінгі күнге дейін 2 303 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 156-сы – заңды тұлғалар, 997-сі – жеке кәсіпкерлер, 1 150-і – шаруа және фермер қожалықтары. Қазіргі таңда 2 267 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі 2,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызды көрсетті.
Мәжілісте аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы мен қаражаттың игерілу мәселелері де талқыланды. Аудан әкімі жауапты сала басшыларына бюджет түсімдерінің белгіленген жоспарын орындау, бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді игерілуін қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме ұжымдары белсене атсалысты.
Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, көше бойларын қоқыстан тазалады. Сонымен қатар абаттандыру, көгалдандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Осыған орай, аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға, туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамыз!
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Қоғалыкөл ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін 2026 жылы республикалық бюджеттен бастауға 320 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Орда-Құрылыс» ЖШС жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 40,2 шақырым газ құбырын тарту және 4 газ реттегіш пунктін орнату көзделген.
Ал Шіркейлі ауылын газдандыру жобасының құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Аталған жобаға 2026 жылы республикалық бюджеттен бастауға 400 млн теңге қарастырылған. Бүгінде мердігер мекеме «Орда-Құрылыс» ЖШС тарапынан жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстары атқарылуда. Жоба бойынша 47,54 шақырым газ құбырын тарту және 3 газ реттегіш пунктін орнату жоспарланған.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде жүргізілуінің маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жұмыстардың толық аяқталуы Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдары тұрғындарының көгілдір отын игілігін пайдалануына мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – білім шамшырағы» атты мерекелік іс – шара өтті.
Жиында аудан әкімі білім саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызына тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау – өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет» деп, мұғалім мәртебесінің биік екенін атап өткен болатын. Бүгінде білім саласын дамытуға, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және оқушыларға сапалы білім беруге мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде 54 млрд 400 млн теңгеге 10 мектеп пайдалануға берілді. Биыл «Ай-Керім» балалар білім беру-сауықтыру орталығы ел игілігіне табысталды. Орталықта жыл сайын 8 400 бала қамтылып, робототехника, бағдарламалау, инженерлік жобалау және басқа да заманауи бағыттар бойынша білім алады. Сонымен қатар ботаникалық орталық іске қосылып, оқушылардың биология, экология және ботаника бағыттарын тәжірибе жүзінде меңгеруіне мүмкіндік жасалды. Сырдария ауданында жалпы білім беретін мектептерде 1 319 педагог еңбек етсе, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 303 қызметкер бала тәрбиесі мен білім беру ісіне үлес қосуда. Ауданның білім саласы жыл сайын толымды жетістіктермен толықтырылып келеді. 2025–2026 оқу жылында 487 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 349 түлек білім грантының иегері атанды. 53 мектеп бітіруші «Алтын белгі», 45 түлек «Үздік аттестат» иеленді. Сонымен қатар 214 оқушы облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларда, 35 мұғалім кәсіби байқауларда жоғары нәтижелер көрсетті. Ұрпақ тәрбиесіне саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз еңбегі мемлекет және қоғам тарапынан шынайы құрметке лайық. Бүгінгі ұстазға қойылатын талап та, жауапкершілік те жоғары. Сіздердің еңбектеріңіз – ел болашағына қосылған өлшеусіз үлес. Дана халқымыз «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» дейді. Білім берген шәкірттеріңіз мерейлеріңізді асырып, биіктерден көрінсін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мерекелік жиында білім саласының үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасы», облыс әкімінің, аудан әкімінің «Алғыс хаттары», облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары», сондай-ақ облыстық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары» табысталды.
Мерекелік шарада ұлағатты ұстаздардың құрметіне аудан әкімінің ықылас гүлі қойылып, концерттік бағдарлама ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.