2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалғанҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 1-тармағының негізінде әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсынысы бойынша Шиелі аудандық сайлау комиссиясы          ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Дауыс беруді бастау мен аяқтау уақыты (жергілікті уақыт) белгіленсін:

1) Шиелі ауданы, Тұрсынбай датқа ауылы, А.Құнанбаев көшесі №4, №228 орта мектебінде орналасқан №272 сайлау учаскесінде 6-00 сағаттан 20-00 сағатқа дейін;

2) Шиелі ауданы, «Көкшоқы» елді мекені, Есенов н/з, №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінде орналасқан №288 сайлау учаскесінде 6-00 сағаттан 20-00 сағатқа дейін;

3) Шиелі ауданы, Бұланбай бауы ауылы, Қ.Әбдіқадыров №1, №241 орта мектебінде орналасқан №303 сайлау учаскесінде 6-00 сағаттан 20-00 сағатқа дейін;       

  1. Дауыс беруді бастау мен аяқтау уақытының өзгергені туралы сайлаушылардың назарына жеткізілсін.
  2. Осы шешімнің көшірмесі Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

             Шиелі аудандық сайлау

          комиссиясының төрағасы                                                  М.Дулатов                                                                                                                                                                        

         Шиелі аудандық сайлау

      комиссиясының хатшысы                                          Э.Бурабаева                                                   

2020 жылғы 28 желтоқсан ACK-03/39

Дата публикации

30 декабря 2020

Дата обновления

30 декабря 2020

Направления деятельности