ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС ӨТТІ

Көру саны:5
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС ӨТТІ
2026 жылғы 13 қазанда Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының кезектен тыс сайлауды ұйымдастыру мәселелеріне арналған алғашқы отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Отырыс барысында комиссия мүшелерінің дауыс беруімен сайлауды әзірлеу мен өткізудің күнтізбелік жоспары бекітіліп, күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Айта кетейік, Шиелі ауданында барлығы 57 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде:
- 1 аумақтық сайлау комиссиясы;
- 15 округтік сайлау комиссиясы;
- 41 учаскелік сайлау комиссиясы.
Аталған комиссиялардың құрамында барлығы 361 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Оның ішінде аумақтық сайлау комиссиясында – 7, округтік сайлау комиссияларында – 75, учаскелік сайлау комиссияларында – 279 мүше бар.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы