Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Бәйтерек ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының      1-тармақшасы, 2-тармағы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын және Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

    Төраға М.Дулатов

     Хатшы Э.Бурабаева

         15.11.2023 жыл

          АСК-01/49

Жарияланған күні

15 қараша 2023 12:50

Жаңарту күні

15 қараша 2023