2026 жылғы 17 мамырда өткізілген Иіркөл ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы
2026 жылғы 17 мамырда өткізілген
Иіркөл ауылдық округі әкімін сайлаудың
қорытындысын анықтау және жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2026 жылғы 17 мамырда өткізілген Иіркөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №278, №279 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Иіркөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
- Ниязов Қанағат Ербайұлы Иіркөл ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
- 2026 жылғы 17 мамырда өткізілген Иіркөл ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Оспанов
АСК-26/
17.05.2026 ж.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының 2026 жылғы 17 мамырдағы
№АСК-26/00 қаулысына қосымша
2026 жылғы 17 мамырда өткізілген Иіркөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2026 жылғы 17 мамырда Шиелі ауданының Иіркөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Иіркөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №278, №279 учаскелік сайлау комиссияларының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Иіркөл ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 2662 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1949 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 30 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 0.
Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Еспембетов Наржан Байжанұлы үшін – 164 дауыс, кандидат Мусаханов Турар Баяналиевич үшін – 221 дауыс, кандидат Ниязов Қанағат Ербайұлы үшін – 1564 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен дауыс бергендер жоқ.
Дауыс беру қорытындысымен Ниязов Қанағат Ербайұлы Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
17