Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасау бөлімі бойынша 2023 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыс туралы

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

2023 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленіп бекітілді.

Күнтізбелік жоспар 311 тармақтан тұрады. Оның ішінде, қоғамдық-саяси маңызды оқиғалар, республика көлемінде аталып өтілетін атаулы даталар, Қызылорда облысынан шыққан азаматтардың мерейтойлары мен өңірдің тарихи-мәдени және идеологиялық мазмұнын айшықтайтын шаралар бар.

Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 34 жыл толуына орай еске алу митингілері мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай өңірдегі азаматтық қоғам өкілдері мен ҮЕҰ жетекшілерінің басқосуы және облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай басқарма басшысы А. Есмаханов аймақтағы ҮЕҰ белсенділері мен БАҚ саласындағы нәзік жандыларды қабылдап, мерекемен құттықтады.

7 сәуір күні Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күніне арналған митинг өткізілді.

 Шарада облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Ардагерлер одағының Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы М.Орынбайұлы сөйлеп, арманда кеткен арыстар аруағы алдында бас иіп, құрбан болған әскерилердің рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.

13 сәуірде мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің
125 жылдық мерейтойына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «Ұлт руханияты және Т. Жүргенов мұрасы: жасампаздығы мен зерттелу кеңістігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР ҰҒА академиктері, зиялы қауым өкілдері, мемлекет қайраткерлері, сонымен бірге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Халықаралық «TURKSOY» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев қатысты.

Конференция барысында Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабының тұсаукесері өтті. Романда Темірбек Жүргеновтің өмір жолы, өскен ортасы, ел игілігін көздеген жанқиярлық еңбегі, қуғын-сүргінге түскен отбасының ахуалы суреттелген.

26 сәуір – Чернобыль апаты зардабының салдарын жою күніне арналған митинг өтті. Қатысушылар құрбан болған азаматтардың рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.

24 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №1 оқу ғимаратында «Қазақ-жоңғар соғыстары: батырлар институтының ролі» атты дөңгелек үстел өтті.

25 мамырда облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов «Невада – Семей» ҚБ-нің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлының 70 жас  мерейтойымен құттықтады. Мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің құттықтауы табысталды.

29 мамырда Достық үйі ғимаратында «ХХ ғасырдың басындағы саяси қуғын – сүргін: зерттелуі және өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Шараға онлайн байланыс арқылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы, Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрмаханова Жанат Жанашқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы, университеттің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Талғат Жолдасұлы, «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ директорының орынбасары Алтынбаева Жанат Олжабайқызы қатысып баяндама жасады.

Бұдан бөлек,  ҮЕҰ-ды қолдау бағытында ресустық орталық толықтай материалдық-техникалық қамтамасыз етілді. ҮЕҰ-дардың  https://npo-kyzylorda.kz/public/login сайты ашылды. Қалалық және аудандардағы 68 ҮЕҰ-ның өкілдеріне кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетілді. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен облыс бойынша белсенді және белсенді емес ҮЕҰ-дың мәлеметтік базасы ұсынылды. ҮЕҰ жұмысын белсенді етуге бағытталған ақпараттық-әдістемеллік құрал әзірленді.

Мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам институттарымен өзара ынтымақтастықты арттыру бағытында адам құқықтары жөнінде Қызылорда облысы бойынша өкілі Д. Шәріпбаев, облыстық әділет департаментінің басшысы И. Бакишева, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қ. Бекшин, Қызылорда облысы бойынша Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Полиция полковнигі Ш. Амитов, Қызылорда облысының ветеринария басқармасының басшысы Ш. Қойшыбаев, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Е. Сүлейменов ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.

Ақпан-мамыр айлары аралығында Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталығында  ҮЕҰ-дардың басшыларына арналған көшпелі оқыту семинары өткізілді.

 

 

Жарияланған күні

20 шілде 2023

Жаңарту күні

20 шілде 2023

Түрі