
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны бүгінгі күні 1042-ні құрап отыр. Оның ішінде 454-і нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес, 2026 жылы «Жасыл ел жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту» жобасы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жобаға маусым-тамыз айларында Қызылорда қаласы және барлық аудандардағы 16-35 жас аралығындағы түрлі санаттағы (оқушы, студент, жұмыссыз) 1 200 жас (Қызылорда қ.-280, Байқоңыр қ.-150, аудандарда- 770) маусымдық жұмыспен қамтылып, оларға сарбаздардың еңбектеріне сәйкес 100 мың теңге мөлшерінде (с.і. міндетті әлеуметтік аударымдар) еңбекақысы төленеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде «Жасыл ел» еңбек жасақтарына жұмысқа орналасу бойынша толық ақпараттар жарияланатын болады. Жоба аясында қоғамдық қабылдаулар, кездесулер, семинар-тренинг, спорттық, экологиялық сайыстар ұйымдастырылатын болады.
Бүгінгі таңда, облыста 1 мыңнан астам волонтер, 30-ға жуық волонтерлік топ, сондай-ақ «Ассамблея жастары» қозғалысының белсенді еріктілері қоғамдық жұмыстарға тұрақты түрде атсалысуда.
Бұл іске «Облыстық волонтерлер фронт-офисі», «Волонтеры Кызылорды», «Сыр волонтерлері», «Ашық жүрек» волонтерлер лигасы, «Жалын» волонтерлер штабы, «Қармақшы Демеу», «Жаңарған Жаңақорған жастары» ұйымдары мен бастамашыл топтар елеулі үлес қосуда.
Облыстық волонтерлер фронт-офисімен қатар, барлық деңгейдегі «Жастар ресурстық орталықтары» жанынан аймақтық волонтерлер фронт-офистері құрылған.
Сонымен бірге, 8 бағыттағы «Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Úmit», «Saýlyq», «Ayala» секілді бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған нақты жұмыстармен ерекшеленеді.
Мемлекет Басшысының бастамасымен 2026 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясымен «Орнықты даму жолында Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялады.
Осыған сәйкес, жергілікті бюджеттен халықаралық және республикалық деңгейдегі екі ауқымды шараны атқаруға қаражат бөлінді.
Ағымдағы жылғы тамыз айында республикалық деңгейде волонтерлер слеті жастар мен еріктілердің тәжірибе алмасуы, жаңа бастамаларды талқылау және қоғам игілігіне арналған жобаларды дамытуға арналған кең ауқымды мүмкіндіктер беріледі.
Қазан айында халықаралық «Green Aral: Volunteers for Life»
халықаралық еріктілер апталығы Арал маңы табиғатын қалпына келтіру және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар іске асырылатын болады.
Сондай-ақ, Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы тарапынан «Халықарылық волонтерлар жылын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі жүзеге асырылады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу шарттары мен ережесі
Конкурсқа қатысуға шақырылатын отбасылар:
Ұлттық конкурсқа үміткер отбасының мүшелері еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік немесе ғылыми жетістіктерге ие болуы тиіс. Сондай-ақ, қоғамдық пайдалы қызметпен (волонтерлік, қайырымдылық, тәлімгерлік және т.б.) айналысатын, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын жанұялар қатыса алады. Конкурсқа өзі‑өзі қатысуға өтініш берген отбасылар немесе жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар ұсынған отбасылар жіберіледі.
Қатысуға тыйым салынатын отбасылар:
Ережесінің негізгі талаптары:
Мақсаты:
Конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ата‑аналардың бала тәрбиесіне қатысуын арттыруға, отбасылық дәстүрлер мен қоғамдағы отбасының мәртебесін көтеруге бағытталған.
Өткізілу тәртібі:
Байқау аудандық/қалалық және облыстық (немесе республикалық маңызы бар қала) кезеңдерінен тұрады. Қатысуға өтінімдер мен қажетті құжаттар белгілі бір мерзімде (әдетте 15 мамыр — 15 маусым аралығы) қабылданады.
Қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Нәтиже мен марапаттау:
Әр өңірде іріктелген үздік отбасылардың ең үздіктері республика деңгейінде марапатталады. Лауреат атағына ие болған отбасылар арнайы салтанатты түрде танылып, марапатталады.