Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі бойынша 2023 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы
Көру саны:20
Мемлекеттік тіл саясаты
2023 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 126 млн. 125 мың теңге қаржы бөлінді (Тілдерді оқыту орталығына – 106 млн.817 мың теңге, әлеуметтік жобаларға – 18 млн.149 мың теңге, «Қазтест» - сертификаттық тестілеуге – 1 млн.159 мың теңге бөлінді).
Тіл саясатын іске асыруда 3 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады.
Олар: «Аймақтағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірінің лингвистикалық базасын қалыптастыру», «Korneki».
Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы барлығы 421 адам, оның ішінде 203 мемлекеттік тілді, 112 орыс тілін, 106 ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесімен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,5%-ды құрады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында 15 іс-шара өткізіліп, оған 2000-ға жуық адам қамтылды.
Атап айтқанда, «Мемлекеттік тілді үйретудің заманауи әдістері» атты облыстық семинар, Халықаралық ана тілі күніне орай «Тіл – татулық тірегі» ашық сабақтар, «Мерген сөз» интеллектуалды сайысы, алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту - парызым» облыстық эссе жазу байқауы, «Жастар және тіл»ТеdХ форматындағы ашық пікір алаңы ұйымдастырылды.
Салық төлеушілердің бақылау-касса машиналарында мемлекеттік тілді пайдалану, БКМ жүйесін жаңа нұсқаға көшіру бағытында бірлескен шаралар ұйымдастыру мақсатында үш жақты өзара ынтымақтастық пен әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Қаржылық ұйымдарындағы ісқағаздары мен көрнекі ақпараттарында тіл туралы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 23 ұйымға түсіндірме хат жолданды.
Бүгінде Тіл орталығының әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы сөздердің дұрыс жазылуы, ұлттық дәстүрлер және ұлттық сөз саптау үлгілері бойынша «Дәстүрім - діңгегім», «Қатесіз жаз!», «Сөзтүзер», «Көненің көзі - көнерген» ақпараттық айдарлары жүргізілуде.
Кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы мен аудандарда 267 кәсіпкерлік нысанға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен кемшілік анықталған 64 нысанға көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сәйкестендіру жөнінен ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ, облыс бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ақпараттандыру жұмыстары аясында 221 сыртқы көрнекі құралға Орталық сайлау комиссиясының материалдары, 171 көрнекі құралға партиялар мен кандидаттардың материалдары орналастырылды.
Есепті мерзімде облыстық ономастика комиссиясының бір отырысы өткізіліп, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда облысының 6 білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы ұсыныстар жолданды.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 8 топонимикалық атау енгізілді.
13 сәуір 2023
13 сәуір 2023