Іргесі темір жол станциясы ретінде 1906 жылы қаланған. 1925–1926 жылдары Жосалыда механикалық завод, 350 орындық автобаза салынған.
19 мемлекеттік, 2 қазыналық мекемелер мен кәсіпорындар, 5 акционерлік қоғам, 22 жауапкершілігі шектелген және 4 толымды серіктестіктер, 9 өндірістік кооператив, 81 жеке шаруашылықтар бар. Оларға құрылыс, көлік, сауда, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары біріктірілген. Бұдан басқа 2 ұн тартатын, 4 күріш ақтайтын диірмен, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
Кентте мектепке дейінгі 7 балалар мекемесі, 7 жалпы білім беретін мектеп, мұражай, мешіт, мәдениет үйі, стадион мен спорт алаңдары (5), 4 кітапхана, 2 аурухана, емхана, фельдшер-акушерлік және 2 дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль және темір жолдарымен қатынасады.