1927 жылы “Көктөбеде” тұңғыш рет “Жаңа тілек” артелі құрылды. 1930 жылы “ Жаңа тілек ” колхозы болып ұйымдастырылды.
1939 жылы “Жаңа тілек” колхозы мен “Қызыл әскер” колхозы бірігіп “Карл Маркс” колхозы болып құрылды.
1957 жылы “Карл Маркс” колхозы “Ленин” атындағы колхозымен қосылып “Ленин” атындағы совхоз болып құрылды.
Алғаш құрылғаннан бастап жемшөп дайындау бағытында жұмыс істеді. Мал бордақылау орталығы, ірі қара фермасы, 4 егіс бригадасы жұмыс істеді. Әр жылы 750-800 га күріш егіліп тұрды. 45-тен жоғары 65-70 центнерге дейін өнім алынды.
1987 жылы совхоз таратылып, Т.Көмекбаев атындағы совхоздың “Майлыөзек” жем-шөп дайындау бағытындағы бөлімшесі болып құрылды.
1993 жылдың наурыз айында Т.Көмекбаев совхозынан бөлініп, “Майлыөзек” ұжымдық шаруашылығы болып қайта құрылды. Негізгі жұмысы егін шаруашылығы болды. 1220 гектарға дейін егін егіп, 330 ірі қара малын ұстады.
1998 жылы „Майлыөзек” ұжымшары 3 жеке шаруа қожалығына бөлінді.
2000 жылы „Майлыөзек” елді мекеніне „Алдашбай Ахун” есімі берілді. Бұл жылдары Майлыөзек совхозының әкімшілігі Дауылкөл ауыл советіне қарап келді.
2004 жылдың қазан айында „Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты” құрылды.