«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Көру саны:16
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылдың 11 айдың іске асырылуы туралы ақпарат
2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 20 жобаны іске асыруға 5 801,5 млн.теңге бөлінді.
(Анықтама: 1215,3 млн. теңге - 2 көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары, 2936,2 млн. теңге 17 басымды көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары, 1650,0 млн. теңге - 1 сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау).
2019 жылдың 1 желтоқсанға қаржыландыру жоспарына сәйкес жобаларды іске асыруға жоспарланған 5 585,3 млн.теңге толығымен игерілді, (жылдық жоспардан 96,8%).
Оның ішінде:
Ағымдағы жылы көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 2 жобаға 1 183,7
млн.теңге қаралып, қаржыландыру жоспарына сәйкес қаралған 1 116,1 млн.теңге толығымен игерілді (жылдық жоспардан 94%).
(Анықтама: Қазалы ауданының 33 км "Қазалы-Қоларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс" автомобиль жолының Әлсейіт учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу - 1076,6 млн.теңге, Жалағаш ауданы "Самара-Шымкент-Мәдениет-Макпалкөл-Жанаталап-Акқыр" тас жолының көпірін Оңтүстік коллектор арқылы реконструкциялау- 138,8 млн.теңге)
Ағымдағы жылы басымды көлік инфрақұрылымын дамытудың 17 жобасына 2936,2 млн.теңге қаралып, қаржыландыру жоспарына сәйкес қаралған 2819,2 млн.теңге толығымен игерілді (жылдық жоспардан 96 %).
(Анықтама: 1.Арал Арал ауданы "Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай" 15-42,8 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу, 2. Арал ауданы "Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай" 70,6-98,4 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу, 3. Арал ауданындағы аудандық маңызы бар "Самара-Шымкент-Бекбауыл" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы 0-1,2 км, 4. Арал ауданындағы аудандық маңызы бар "Аклақ-Қаратерен" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы 4,9 км , 5. Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар "Самара-Шымкент-Байқожа" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы 0-2,68 км, 6. Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар "Қазалы айналма жол" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы 0-5 км, 7. Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар "Қазалы-Коларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы (0-33 км), 8. Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар "Әйтеке би-Басықары-Водакачка" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы 0-7 км, 9. Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар "Әйтеке би кенті-Қазалы-шағала" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы 0-4 км , 10. Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар "Әйтеке би кентіне кіре беріс" автомобиль жолын орташа жөндеу, 11. Қазалы ауданы "Қазалы-Қожабахы-Бозкөл-Каукей" аудандық маңызы бар автомобиль жолының 45-76 шақырымын күрделі жөндеу, 12. Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар "Қазалы кенті айналма жол" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы 0-6 км , 13. Сырдария ауданындағы жергілікті маңызы бар "Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Ширкейли" автомобиль жолын күрделі жөндеу, ұзындығы 0-8 км, 13,5-18 км , 14. Сырдария ауданындағы аудандық маңызы бар Бесарық елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолына күрделі жөндеу, 15. Шиелі ауданындағы аудандық маңызы бар "Самара-Шымкент-Майлытоғай" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы 2,6 км, 16. "Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған" автомобиль жолын орташа жөндеу, ұзындығы (10-17,6 км), 17. Жалағаш ауданындағы облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» автомобиль жолын орташа жөндеу)
Нәтижесінде, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа жөндеуден өткізу барысында 80,1 шақырым жолдарды жөндеуден өткізу жоспарлануда.
3. Ағымдағы жылы 1 сумен қамту және су бұру жүйелерін реконструкциялауға бөлінген 1650,0 млн. теңгесі толығымен игеріліп, нысан пайдалануға берілді.
(Анықтама: 1. «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту» ЖЖ)