Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруАуылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне екі түрлі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
Біріншіден, ол 100 айлық есептік көрсеткішті құрайтын бір жолғы көтерме жәрдемақы, яғни бұл дегеніміз биылғы жылға 432 500 тенге көтерме ретінде беріледі.
Екіншісі, сол маманның ауылдық елді мекеннен үй сатып алу үшін немесе салу үшін берілетін бюджеттік несиесі. Бөджеттік несиенің көлемі аудан оталықтарында 2500 АЕК (4325*2500=10 812 500), ауылдық елді мекендерге 2000 АЕК (4325*2000=8 650 000) мөлшерінен аспайтын көлемде 1 (бір) пайыздық мөлшермен 15 жыл мерзімге беріледі.
Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елді мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
Мемлекеттік мүлікті жалға алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл тәртіп бойынша жалға алу процесі толықтай электрондық форматта арнайы «Е-Qazyna» портал арқылы жүргізіледі.
Жалға алу үшін кәсіпкер немесе жеке тұлға алдымен арнайы «Е-Qazyna» порталға тіркелуі қажет. Тіркелгеннен кейін ол қолжетімді объектілер тізімінен қажетті мүлікті таңдап, оған электрондық өтінім береді. Порталда әрбір объект туралы толық ақпарат көрсетіледі, соның ішінде объектінің атауы, мекенжайы, орналасқан жері, жалпы ауданы (шаршы метр).
Өтінім берілгеннен кейін ол порталға 5 күн мерзімге орналастырылады. Осы уақыт ішінде басқа тұлғалар да өтінім бере алады.
Егерде объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінім берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Егер 5 күн ішінде екінші өтінім түспесе, онда өтінім берген тұлғамен тікелей жалдау шарты жасалады.
Ал егер осы мерзім ішінде қосымша өтінім түссе, онда міндетті түрде электрондық тендер өткізіледі. Тендерге қатысу үшін үміткерлер кепілдік жарна төлеуі тиіс. Кепілдік жарнаның мөлшері мен тендер өткізу шарттарын тендерлік комиссия белгілейді.
Тендер қорытындысы бойынша ең жоғары баға ұсынған және барлық талаптарға сәйкес келетін қатысушы жеңімпаз болып танылады. Соның негізінде онымен мемлекеттік мүлікті жалға алу туралы келісімшарт жасалады.