2025 жылдың 1 желтоқсанына облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Азаматтық бюджет

2025 жылдың 1 желтоқсанына облыстық бюджеттің атқарылуы

2025 жылдың 1 желтоқсанына есепті кезеңге арналған облыстық бюджет түсімдері 101,7 пайызға орындалды (болжам 689,2 млрд.теңге, бюджет кірістеріне түскені 700,7 млрд.теңге),оның ішінде өз кірістері – 104,2 пайызға (болжам 77,2 млрд.теңге, түскені 80,4 млрд.теңге) облыстық бюджеттіне артық түскені 11,5 млрд.теңге.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,7 пайызға өсуі байқалады.

2025 жылы қаңтар-қараша айларында облыстық бюджет шығындар бойынша 98,3 пайызға орындалды (болжам 655,0 млрд.теңге, игерілгені 643,9 млрд.теңге). Игерілмегені 11096,8 млн.теңге (2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда игерілгені 99,9 пайыз кұрайтын, игерілмегені – 443,4 млн.теңге).

 

2025 жылдың 1 желтоқсанына облыстық бюджет түсімдері

Облыстық бюджет түсімдері салық түсімдерден, салықтан тыс түсімдерден,  негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерден (бюджеттің өз кірістері), трансферттер түсімдерінен, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, бюджеттік кредиттерді өтеу және қарыздар түсімдерінен тұрады.

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында облыстық бюджеттің өз кірістері (салық түсімдері, салықтан тыс түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер) 104,2 пайызға, өз кірістері 3,2 млрд.тенгеге артық орындалды (болжам 77,2 млрд.теңге, облыстық бюджетке нақты түскені 80,4 млрд.теңге), ол табыс салығы 2536,7 млн.теңгеге, әлеуметтік салық – 1447,6 млн.теңгеге, мемлекеттік мекемелермен алынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулардан – 270,3 млн.теңге, жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер – 16,7 млн.теңгеге артық түсуіне байланысты.

Жергілікті бюджет кірістерінде салық түсімдері 107,6 пайыз артық орындалды (жоспар 55571,4 млн.теңге, нақты түскені 59804,3 млн.теңге), артық орындалғаны 4232,9 млн.теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, осы санат бойынша түсімдері 7554,5 млн.теңгеге ұлғайды (2024 жылдың 1 желтоқсанына 52249,8 млн.теңге түсті).

Облыстық бюджетке салықтан тыс түсімдері бойынша 93,9 пайыз 1290,7 млн.теңге кем түсті (жоспар 21203,2 млн.теңге, нақты түскені 19912,5 млн.теңге).

2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар – қараша айларында осы санат бойынша түсімдер 10473,5 млн.теңгеге төмендеді
(2024 жылдың 1 желтоқсанына 30386,0 млн.теңге түсті), басым бөлігі 2024 жылдың 1 жартыжылдығында облысты газдандыру бойынша АҚ «Самрұқ-Қазына»-ның қаржыны аударуынан түсті.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 683,9 млн.теңге (163,4%) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 628,7 млн.теңгеге ұлғайды (2024 жылдың 1 желтоқсанына 55,2 млн.теңге түсті), негізігі бөлігі бұрын сенімгерлік басқаруға берілген С.Искаков атындағы құрылыс және бизнес колледждін мерзімінен бұрын сатуға қатысты. Ағымдағы жылғы түсімдер жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер.

Облыстық бюджетке трансферттер ағымдағы кезеңіне 564511,0 млн.теңге (103,3 пайыз) құрайды, оның ішінде субвенциялар – 455736,5 млн.теңге (104 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 25248,8 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері – 64572,7 млн.теңге (100,8 пайыз), аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері – 18806,6 млн.теңге (100 пайыз), аудандардың (қалалардың) пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің қайтарылуы 123,8 млн.теңге (100 пайыз), жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару 3,3 млн.теңге (100 пайыз), Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару – 19,3 млн.теңге (100 пайыз)                   (2024 жылдың 1 желтоқсанына трансферттер 508999,4 млн.теңге көлемінде түсті).

Жарияланған күні

10 желтоқсан 2025 18:50

Жаңарту күні

10 желтоқсан 2025

Түрі