2025 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша «Дипломмен ауылға» жобасы туралы ақпарат
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында II тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар
«Дипломмен ауылға» жобасы ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту, ауылдық жерлерде сертификатталған кадрларды сақтау мақсатында 2009 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен қолға алынды. Бұл жоба ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй салуға немесе сатып алуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсету шаралары арқылы жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес 2025 жылға тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін аудан орталықтарына 2500 АЕК (3932*2500=9 830 000), ауылдық елді мекендерге 2000 АЕК (3932*2000= 7 864 000) мөлшерінен аспайтын көлемде 2025 жылға 194 маманға 1,7 млрд. теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі және 100 айлық есептік көрсеткішпен 585 маманға 214 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы жыл аяғына дейін беру жоспарланып отыр.
10
14 шілде 2025 10:41
10 қазан 2025