2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша халықпен жұмыс туралы ақпарат
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 2024 жылдың
1 тоқсанының қорытындысы бойынша халықпен жұмыс туралы ақпарат
Басқармаға 2024 жылдың бірінші тоқсанында барлығы 32 өтініш түсті. Оның ішінде жеке тұлғадан 19 өтініш, заңды тұлғалардан 13 өтініш түсті. Арыз иелеріне толық жауап беру мақсатында, Басқарма тарапынан өзге мемлекеттік органдардан ақпараттар сұратылып ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, арыз иелеріне өз ұстанымдарын білдіруіне мүмкіндік беру мақсатында тыңдаулар өткізілді.
Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Қабылдау кестесі мен сенім телефоны бұқаралық ақпараттық құралдарында жыл басында екі тілде (мемлекеттік және орыс) жарияланды.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінің тел.: 60-53-74 және әкімшілік-қаржы бөлімінің тел: 60-54-32 нөміріне хабарласып алуға болады.
8