Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 2022 жылдың 4-тоқсаны қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының

2022 жылдың 4-тоқсаны қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмысы туралы ақпарат

 

Басқармамен 2022 жылдың 4-тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында келесідей жұмыстар атқарылды.

Өз кезегінде, «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі- Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған Іс-шаралар жоспары 2022 жылдың 24 қаңтарында бекітілді.

Осының аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мақала жариялау, «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен кездесу, құқықтық оқыту өткізу, интернет-ресурсқа бюджеттің жариялануын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау өткізу, интернет-конференциялар өткізу көзделген.

Қоғамның жемқорлыққа қарсы құқықтық сауатын арттыру бағытында басқарманың барлық кабинеттерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ұсынылған «Пара алу, пара беру – Бұл қылмыс», «Сыбайлас жемқорлық фактілер туралы хабарлағаны үшін көтермелеу сыйақы», «Call centre 1424» туралы ақпараттар ілінген.

2022 жылдың Басқармасымен өңірлік Antikor орталығында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлары туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі AntikorLIVE тікелей эфиріне шығып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Сонымен қатар, 06.05.2022 ж. – 11.05.2022 ж. аралығында Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы ағымыдағы жылдың
9 маусымында Облыстық қоғамдық Кеңес мүшесі С.Тәуіпбаев, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының төрағасы  Ж.Тұсмағамбетов, Облыстық әдеп жөніндегі уәкіл Б.Үмбетова және Басқарма қызметкерлерімен талқыланды.

Мұнымен қоса, 14.12.2022 ж. қосымша 2022 жылы Басқарма қызметі бойынша Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы 2022 жылдың 29 желтоқсанында «Ұшқыр Жебе» қоғамдық қорының төрағасы  Н. Мәлікпен және Басқарма қызметкерлерімен талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша 2022 және 2023 жылдарға орындауға нақты іс шаралар жоспары әзірленді.

Жоспарға сәйкес 11.05.22 ж. Ішкі талдау қорытындысына сәйкес төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша 6 ұсынымның 2-і толығымен, 4-і жоспарға сәйкес орындалуда. Тиісті ұсыным хаттар орталық атқарушы органдарға жолданды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған облыс әкімдігімен бекітілген медиа-жоспарға сәйкес ай сайын фейсбук әлеумуеттік желісінде басқарма басшылығымен интернет конференциялар өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында Басқарма парасаттылық, ашықтық, айқындық, цифрландыру қағидаттарын басшылыққа алынуда.

Өз кезегінде, Басқарма жұмысшы органы болып табылатын облыстық бюджеттік комиссияның құрамына «Amanat», «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, облыстық мәслихат депутаттары өкілдері енгізілген.

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Облыстық бюджеттің жобасы алдын ала Қоғамдық кеңестің талқылауына шығарылуда. Осы ретте, 2022-2024 жылдарға және 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы шешім жобасы Облыстық қоғамдық кеңес қарауына енгізіліп оң қорытындылары алынды.

Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген «Ашық үкімет» порталының «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» ақпараттық жүйелері пайдаланылуда.

Басқармамен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы бойынша мәліметтер сапалы, толық енгізілген.

Сондай-ақ, Басқарманың www.gov.kz веб-парақшасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар орналастырылып және тоқсан сайын жаңартылып келеді.