
Конституциялық Сот Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Президенттің 2023 жылғы 29 наурыздағы өтініші бойынша Парламенттің 2023 жылғы 16 наурызда қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынған мына нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексерді:
ҚР Әлеуметтік кодексі;
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы
Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерінің толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/453756?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/453757?lang=kk