Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат
(2023 жылғы 8 сәуірдегі № 7)
Конституциялық Сот Президенттің Парламент қабылдаған: Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан өтінішін қарады.
Конституциялық Сот мемлекеттік басқару деңгейлері (Үкімет – орталық атқарушы органдар – жергілікті атқарушы органдар) арасындағы өкілеттіктерді ажырату жөніндегі тәсілдердің жеткіліксіз пысықталғанын көрсетті.
Конституцияның 68-бабында белгіленген Үкімет мүшелерінің дербес жауапкершілігін ескере отырып, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысатын атқарушы мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктерді бөлу кезінде Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы осы саладағы деңгейлерді, мақсаттарды, міндеттер мен өкілеттіктерді нақты ажырату қажет.
Салалық және жалпымемлекеттік саясатты қалыптастыруды айқындау үшін құқық қолдану практикасында және Министрліктің елдің жоғары лауазымды тұлғасы мен Үкіметі қабылдайтын шешімдер саласына басып кіруін болдырмау үшін Конституциялық Сот министрліктерге мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі өкілеттіктерді бекітуді ұсынды.
Конституциялық Сот 2023 жылғы 16 наурызда Парламент қабылдаған және Президентке қол қоюға ұсынылған құқықтық актілерді тиісті деп таныды және Үкіметке Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталғанға дейін Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, Парламент Мәжілісінің қарауына заң жобаларын енгізуді ұсынды.