Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда оған ғылыми-консультативтік жәрдем көрсету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Ғылыми-консультативтік кеңестің міндеттері:
1) мыналар:
- Конституцияның үстемдігін және оның Республика аумағында тікелей қолданылуын қамтамасыз ету, қазіргі заманғы конституционализм проблемалары;
- Конституциялық Соттың іс жүргізуіндегі мәселелер;
- Конституцияға ресми түсіндірме беруде, алдын ала және кейінгі конституциялық бақылауды жүзеге асыруда шетел тәжірибесін пайдалану;
- конституциялық заңнаманы және оның қолданылу практикасын жетілдіру;
- адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін және қазіргі заманғы конституционализм қағидаттарын, конституциялық сәйкестікті және конституциялық құндылықтарды насихаттау, олардың ережелерінің қолданыстағы заңнамада сақталуы мен нығаюы;
- конституциялық заңдылық мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
2) Конституциялық Соттың еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауының жобасына ұсыныстар енгізу;
3) конституциялық-құқықтық даму мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңеске енгізу үшін Конституциялық Соттың ұсыныстарын тұжырымдауға қатысу;
4) конституциялық бақылауға арналған іс-шараларды өткізуде Конституциялық Сотқа ғылыми-консультативтік және ұйымдастырушылық жәрдем көрсету;
5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысында ғылыми жетістіктер мен практиканы неғұрлым толық пайдалану үшін отандық және шетелдік ғылыми орталықтармен және құқықтық мекемелермен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдем көрсету;
6) конституциялық-құқықтық дамудың өзекті мәселелері жөнінде баяндамалар дайындау және оларды таныстыру.
Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері өз жұмысын қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Құрамы
Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамына отандық және шетелдік құқықтанушы-ғалымдар кіруі мүмкін. Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот бекітеді. Конституциялық Соттың судьялары кандидатуралар жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы.
Ғылыми-консультативтік кеңестің жұмысына оның мүшелері болып табылмайтын ғылыми және практикалық қызметкерлер тартылуы мүмкін.
Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамы әрбір екі жыл сайын бекітіледі.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 14 қыркүйек 2026АқпаратҚазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес

