Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда оған ғылыми-консультативтік жәрдем көрсету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

 

Ғылыми-консультативтік кеңестің міндеттері:

1) мыналар:

  • Конституцияның үстемдігін және оның Республика аумағында тікелей қолданылуын қамтамасыз ету, қазіргі заманғы конституционализм проблемалары;
  • Конституциялық Соттың іс жүргізуіндегі мәселелер;
  • Конституцияға ресми түсіндірме беруде, алдын ала және кейінгі конституциялық бақылауды жүзеге асыруда шетел тәжірибесін пайдалану;
  • конституциялық заңнаманы және оның қолданылу практикасын жетілдіру;
  • адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін және қазіргі заманғы конституционализм қағидаттарын, конституциялық сәйкестікті және  конституциялық құндылықтарды насихаттау, олардың ережелерінің қолданыстағы заңнамада сақталуы мен нығаюы;
  • конституциялық заңдылық мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;

2) Конституциялық Соттың еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауының жобасына ұсыныстар енгізу;

3) конституциялық-құқықтық даму мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңеске енгізу үшін Конституциялық Соттың ұсыныстарын тұжырымдауға қатысу;

4) конституциялық бақылауға арналған іс-шараларды өткізуде Конституциялық Сотқа ғылыми-консультативтік және ұйымдастырушылық жәрдем көрсету;

5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысында ғылыми жетістіктер мен практиканы неғұрлым толық пайдалану үшін отандық және шетелдік ғылыми орталықтармен және құқықтық мекемелермен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдем көрсету;

6) конституциялық-құқықтық дамудың өзекті мәселелері жөнінде баяндамалар дайындау және оларды таныстыру.

Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері өз жұмысын қоғамдық негізде жүзеге асырады.

 

Құрамы

Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамына отандық және шетелдік құқықтанушы-ғалымдар кіруі мүмкін. Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Конституциялық Сот бекітеді. Конституциялық Соттың судьялары кандидатуралар жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы.

Ғылыми-консультативтік кеңестің жұмысына оның мүшелері болып табылмайтын ғылыми және практикалық қызметкерлер тартылуы мүмкін.

Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамы әрбір екі жыл сайын бекітіледі.

Дата публикации
19 апреля 2024
Дата обновления
14 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 октября 2026
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (аудио)
Ақпарат
01 октября 2026
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
Ақпарат
18 сентября 2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы (аудио)

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы