ҚР ДСМ СЭБК Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 10 шiлдесіне дейін).
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Алматы қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Денсаулық сақтау
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Санитария, гигиена, эпидемиология
Қосымша талаптар
Денсаулық сақтау менеджменті
Функционалды міндеттер
Тиісті аумақта инфекциялық емес аурулардың мониторингі және профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат іс-шараларын іске асыруға, халықтың негізгі инфекциялық емес ауруларынан сырқаттанушылық пен өлім-жітім және тиісті аумақта қауіп факторларының таралу мониторингі мен талдауы, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру, оның ішінде аурулардың профилактикасы, мінез-құлық қауіп факторлары, ұтымды тамақтану, ДДҰ-ның "денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер", "Салауатты университеттер", "Салауатты қалалар" жобаларын іске асыру бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Бірлескен іс-шараларды іске асыру үшін "салауатты жұмыс орындары" юойынша жұмыстар, құзыреті шеңберінде қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша департаменттің аумақтық басқармаларының мамандарына әдістемелік, консультациялық және практикалық көмек көрсету, қоғамдық денсаулық мәселелері бойынша біліктілікті арттыру және кәсіптік дағдыларды одан әрі дамыту мақсатында аумақтық департаменттердің, Денсаулық сақтау, білім беру субъектілерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарына оқыту жүргізу, реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және басқа да іс-шараларға қатысу, жетекшілік ететін бөлім бойынша департаменттің аумақтық басқармаларының қызметіне талдау жүргізу, жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау, инфекциялық емес аурулардың мониторингі және профилактикасы
мәселелері бойынша ведомстволық есептілікті дайындау, құзыреті шеңберінде Департамент алқаларының отырыстары үшін қаулы жобаларын, баяндамаларды, анықтамалар мен талдамалық материалдарды дайындау, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
https://crm.gov.kz/: m.isemberdieva@dsm.gov.kz
- 15.10.2025
- Алматы қаласы Жібек Жолы даңғылы 3а
-
3823515, 3823484